Таиландтағы турнир: Боксшы Дулат Бекбауов Олимпиада жүлдегерін жеңді

27 мамыр, 2025 / Өтей Торғайұлы
Сурет: vesti.kz

Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан Thailand Open-2025 халықаралық турнирінде ширек финалдық кезеңде өз шеберлігін көрсетті, деп хабарлады turkystan.kz.

65 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен спортшы ширек финалда Қырғызстан өкілі Мұнарбек Сейітбек уулумен қолғап түйістіріп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Бұл жетістіктің нәтижесінде Д.Бекбауов жарыстың жартылай финалына жолдама алып, кемінде қола жүлдеге қол созып отыр. Ал қарсыласы турнирді жүлдесіз аяқтады.

 

Тэгтер:

Турнир Олимпиада Таиланд бокс жүлдегер Дулат Бекбауов