Технологияның адам миының қартаюына әсері туралы не біле аламыз? Бұл сұраққа АҚШ-тағы Техас университеті мен Бэйлор университетінің зерттеушілері жауап іздеді.
Nature Human Behaviour ғылыми журналында жарияланған зерттеу нәтижесі бойынша, «сандық технологиялар деменцияны (есте сақтау мен ойлау қабілетінің әлсіреуі) тудырады» деген болжам расталмаған. Керісінше, 50 жастан асқан адамдардың компьютер, смартфон және интернетті қолдануы когнитивті әлсіреу қаупін азайтуы мүмкін.
Зерттеу деректері қарттардың цифрлық құралдарды қолдану арқылы ақыл-ой белсенділігін сақтап қалуы мүмкін екенін көрсетті. Бұл, өз кезегінде, егде жастағы адамдар үшін технологияны қолданудың жаңа қырларын зерттеуге жол ашады.