Ақтау тұрғыны Тәукен Онайбаев 17 мамыр күні үйінен шығып кеткеннен кейін қайта оралмаған. Содан бері ол туралы ешқандай ақпарат жоқ. Туыстары оның қайда екенін білетіндерден көмек сұрайды.
1978 жылы туған Онайбаев Таукен Қазанбайұлы 17 мамыр күні Ақтау қаласындағы 4-шағынаудандағы №5 үйден шыққан. Сол күннен бастап хабар-ошарсыз кеткен. Жоғалғаны туралы полицияға ресми түрде арыз берілген.
Белгілері: бойы 160–165 см, дене бітімі орташа. Үстінде қара түсті күртеше, бейсболка, джинсы шалбар және спорттық аяқ киім (кроссовка) болған.
Егер бұл адам туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, мына телефон нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз:
+7 (700) 499-72-92 немесе 102.