Жамбылда қайтыс болған қарияның туыстары 1,5 жыл бойы зейнетақысын алып отырған

27 мамыр, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Жамбыл аудандық соты «Азаматтарға арналған үкімет» АҚ-ның жергілікті тұрғыннан ақша өндіріп алу туралы арызын қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қария 2021 жылдың шілде айында қайтыс болған. Бұл туралы оның туыстары дер кезінде хабарламаған. Қария қайтыс болғаннан кейін, яғни 2021 жылдың тамыз айынан 2023 жылдың ақпан айына дейін оған жалпы сомасы 1 млн 600 мың теңге көлемінде заңсыз зейнетақы аударылған.

2023 жылдың ақпан айында қайтыс болу фактісі анықталған соң барлық зейнетақы төлемдері тоқтатылып, аударылған сомалар ішінара қайтарылған. Алайда, марқұмның картасынан белгісіз тұлғаның 235 мың теңгені шешіп алғаны анықталған.

Корпорация жауапкерден, яғни қайтыс болған қарияның ұлынан ақшаны өндіруді сұрап, сотқа жүгінген.

Істі қарау барысында, тараптар медиативтік келісімге келді. Жауапкер шығынды өтеуге міндеттелді.

Тэгтер:

Зейнетақы қария