Ұшақта қайтыс болған ресейлік келіншектің мәйіті Ақтөбеде қалдырылды

27 мамыр, 2025 / Алуа Арман
Ақтөбе халықаралық әуежайының баспасөз қызметі

Бүгін Ақтөбе әуежайына Nordwind Airlines әуе компаниясының BOEING 777 ұшағы шұғыл түрде қонған болатын, деп жазады turkystan.kz.

Ұшақ Екатеринбургтен Сочиге ұшып бара жатқан. Бортта отырған бір келіншектің жағдайы нашарлап, ұшақ ішінде көз жұмған.

 «Ол күйеуі мен екі баласымен бірге демалысқа бара жатқан. Әрине, олар үшін бұл — үлкен қайғы. Балалармен психолог жұмыс істейтін болады», — деді агенттікке сұхбат берген дереккөз.

Әйелдің денесі Ақтөбеде қалдырылған.

«Басқа жолаушылармен бірге ұшақ Сочиге ұшып кетті. Бастапқыда мәйітті де осы рейспен жеткізіп, кейін үйіне қайтарамыз деген жоспар болған. Бірақ кейін басқа шешім қабылданды. Өлімнің себебін анықтау үшін Ақтөбеде сараптама жүргізіледі», — деді агенттік сұхбатшысы.

Тэгтер:

Ақтөбе Әуежай Ұшақ