LRT диспетчерлерін оқытуға алдын ала қабылдау жарияланды

27 мамыр, 2025 / Інжу Әлихан
Астана әкімдігі

«City Transportation Systems» ЖШС LRT диспетчерлерін оқытуға алдын ала қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды. LRT құрамдары толықтай автоматтандырылған және жүргізушісіз жұмыс істейді.

LRT диспетчерлерінің негізгі міндеттері:

– Оперативтік басқару мен диспетчерлеуді жүзеге асыру;

– LRT жылжымалы құрамның қозғалыс режимін түзету туралы уақтылы шешімдер қабылдау;

– Жолаушыларды кесте мен төтенше жағдайларға әрекет ету тәртіптеріне сәйкес қауіпсіз және уақытылы тасымалдауды қамтамасыз ету.

Біздің ұсынысымыз:

– Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналастыру;

– Жұмыс берушінің есебінен оқыту/біліктілікті арттыру, нәтижесінде жеңіл рельсті көлік (LRT) диспетчерлеу бойынша халықаралық үлгідегі сертификат беріледі.

Оқу мерзімі – 6 айға дейін.

Оқыту Астана қаласында және Қытай Халық Республикасында жұмыс берушінің есебінен өткізіледі. Қызметкерлер Қазақстан Республикасының азаматтарынан жасақталады.

Мақсаты – LRT жүйелерін диспетчерлеу дағдыларына үйрету.

Кандидаттарға қойылатын талаптар:

– Көлік, теміржол көлігі саласында жоғары білім;

– Көлік басқару саласында кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі, соның ішінде кемінде 6 ай диспетчер/оператор лауазымында.

Қосымша талаптар:

Оқу кезеңінде жұмыс уақытының режимі – екі демалыс күнiмен бес күндік жұмыс аптасы.

Оқуды аяқтағаннан кейін – ауысымдық жұмыс кестесі.

Түйіндемелер CTS ресми сайты арқылы қабылданады: https://cts.gov.kz/ru

Вакансияға қатысты сұрақтар бойынша Астана қ. телефоны: +7 (7172) 577 177 (ішкі 102).

Тэгтер:

жұмыс оқу LRT Вакансия диспетчер