Қызылордалық көпбалалы ана оныншы сәбиін дүниеге әкелді

27 мамыр, 2025 / Інжу Әлихан
Қызылорда Облыстық Перинаталдық Орталығы

Қызылорда қаласының тұрғыны 40 жастағы Төлегенова Ажаркүл оныншы сәбиін дүниеге әкелді,деп хабарлады turkystan.kz.

Қызылорда облыстық перинаталдық орталықтың ақпаратынша, қуанышты отбасының тұңғышы – 16 жаста. Тағы төрт қызы мен бір ұлы – мектеп оқушылары. Қалғандары – мектеп жасына дейінгі балалар. Қазір Ажаркүл отбасында бес ұл мен бес қыз бар.

Ажаркүл ханым дәрігерлерге алғысын білдіріп, ана атанудың қуанышы мен жауапкершілігін ерекше атап өтті.

Тэгтер:

Бала сәби Қызылорда ана көпбалалаы