Ақтаулық оқушы халықаралық байқауда топ жарды

27 мамыр, 2025 / Інжу Әлихан
Қоғамдық коммуникация орталығы

Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Жасмин Вадодария әлемдік деңгейдегі Oxford Scholastica Academy ұйымдастырған Essay Competition 2025 халықаралық эссе жазу байқауында «Writing & Journalism» бағыты бойынша үздік эссе авторы атанды, деп хабарлады turkystan.kz.

Oxford Scholastica Academy тарапынан берілген ресми Certificate of Achievement қатар,  жеңімпазға £995 құны бар Oxford Scholastica жазғы онлайн курсына тегін қатысу гранты берілді.

Жасминнің жетекшісі, мектеп мұғалімі Мадина Жүсіпова оқушыға бағыт беріп,  шығармашылық қабілетін ұштауда үлкен рөл атқарғаны сөзсіз.

Биылғы байқауға әлемнің түкпір-түкпірінен 654 үміткер қатысып, 237 қатысушы іріктеуден өтсе, оның ішінен 14 пәндік бағыт бойынша топ жарған жеңімпаздар анықталды. Солардың қатарында ақтаулық зияткер Жасминнің жұмысы үздік бағаланды.

Тэгтер:

оқушы Ақтау Байқау эссе Oxford Scholastica Academy