Қостанай облысында мал іздеуге шыққан 2 жасөспірім жоғалып кеткен

27 мамыр, 2025 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Қостанай облысы Жангелдин ауданы Торғай ауылында екі сыныптас 26 мамырда күндіз жылқымен мал іздеуге шығып, өздері адасып қалған, деп хабарлады turkystan.kz.

ҚР ТЖМ мәліметінше, олар соңғы рет кешкі сағат сегіз жарымға қарай байланысқа шығып, қайтып келе жатқандарын айтқан. Дегенмен, бір жарым сағаттан өтсе де үйге оралмаған, осылайша уайымға салынған ата-аналары құтқарушыларға көмек сұрап жүгінді.

4 сағаттық үзіліссіз ісдестіру жұмыстарынан кейін, құтқарушылар Торғай ауылынан 8 шақырым жерде қамыстың арасында адасып қалған жасөспірімдерді тауып, елді мекенге жеткізді. Олар медициналық көмекке мұқтаж болмады.

Тэгтер:

Қостанай облысы малшы Торғай