«Жүргізуші секіріп кетті»: Жетісуда пойыз автокөлікті қақты

27 мамыр, 2025 / Алуа Арман

Апат 26 мамыр күні «Достық — Бескөл» учаскесіндегі қараусыз теміржол өткелінде болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Автокөлік локомотивтің алдынан өтіп үлгермек болған, бірақ уақытында өте алмаған. Пойызды төтенше жағдайда тежегенмен, апаттың алдын алу мүмкін болмаған.

«Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Бірақ жол-көлік оқиғасына байланысты жылдамдыққа шектеу енгізіліп, бұл пойыздардың қозғалыс кестесіне әсер етті», - деп хабарлады "Қазақстан Темір Жолы" компаниясы.

 

Тэгтер:

Автокөлік Жетісу Пойыз апат пойыз қағу соқтығысты