Шығыс Қазақстан облысында техникалық сала мамандарын даярлайтын Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті бар, деп хабарлайды turkystan.kz.
2008 жылы университет жанынан «Алтай «Шығыс Қазақстан өңірлік технопаркі» ЖШС құрылған. Технопарктегі қатысушылардың үлесін сатып алу және иеліктен шығару бойынша бірқатар мәмілелер жасалып, нәтижесінде олардың құрамы өзгерген.
Университет мүлкі жарғылық капиталдағы айла-шарғы арқылы жеке субъектіге берілген.
университет үлесін азайту, сондай-ақ қаражатты алу жолымен 1,5 млрд теңгеден астам мүліктік залал келген. Сондай-ақ құны 1,4 млрд мемлекеттік мүлікті заңсыз кепілге салу, тең құрылтайшы тарапынан салықтық жеңілдіктерді заңсыз қолдану фактілері анықталды.
Сот қарауынан кейін мемлекеттік мүліктен барлық ауыртпалықтар алынып тасталды, университетке үшінші тұлғаға заңсыз берілген Технопарктегі қатысу үлесінің 535 млн 78,48%-ы құны қайтарылды және Технопарктің тең құрылтайшы алдындағы 1,6 млрд сомасындағы берешегі жойылды.