Жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева Азия чемпионатында қола жүлде қанжығалады

27 мамыр, 2025 / Алуа Арман
kazsports.kz

Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлде түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ясмина Тоқсанбаева 20 шақырымға спорттық жүрісте жеке рекордын тіркеп (1:32.15), қола медаль иеленді.

Сондай-ақ дәл осы бағдарламада ерлер арасында тағы бір отандасымыз Георгий Шейко 7-сатыға тұрақтады.

Тэгтер:

Азия чемпионаты жеңіл атлетика жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева