«Өзімді өлтіргім келді»: жан сырын ақтарған Мөлдір Әуелбекова жылап жіберді

27 мамыр, 2025 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Елімізге белгілі әнші Мөлдір Әуелбекова өзінің Instagram-дағы парақшасында қиын сәттерде суицидке дейін барғанын айтып, ел алдында көз жасына ерік берді, деп хабарлайды turkystan.kz караван порталына сілтеме жасап.

«Баршаңызға сәлем, бір нәрсені айтқым келіп тұр. Осыдан бірнеше жыл бұрын күйзелісте жүріп, суицидке дейін жеткен кезде, «Momsky» әлемін көргендер біледі, менің хикаямның шет жағасын. Менің інім Әділет есімді маған қатты көмектескен болатын. Мен айттым: «Әділет, мен осындай жағдайдамын, қатты қиналып жатырмын» дегенімде, бір ауыз сөзімді жерге тастамай, бүкіл той-концерттеріне қосып, менің аяққа тік тұрып кетуіме себепкер болды.

Сол кезде маған Әділет айтқан: «Әпке, мен әлі өзімнің мейрамханамды соғамын, сізді шақырамын» деп. Сол сөзінде тұрып, Аллаға шүкір, бүгін Әділет мейрамхана ашып жатыр, сенесіздер ме?

Әділет, сені құттықтаймын! Саған үлкен алғысымды білдіремін! Мен қатты қиналғанда сен менің жанымда болдың. Бүгін сенің еңбегіңді көріп», дейді ол.