«Пышақпен қуған»: Ақнәр Гүлістан қаза тапқан күні пәтерде болған Дидар өз шындығын айтты

27 мамыр, 2025 / Өтей Торғайұлы
коллаж: turkystan.kz

Ақнәр Гүлістан көз жұмған күні сол пәтерде болған Дидар Мұқият алғаш рет сұхбат берді, деп хабарлады turkystan.kz.

Журналист Руслан Өтепбаймен әңгіме барысында Дидар сол түндегі оқиға жайында ашық айтты. Ол Ақнәрдің студент кезінде жатақханада қиын жағдайларға тап болғанын, тіпті кей қыздардың оны пышақпен қорқытқанын еске алды. Сол себепті, Рано мен Ақнәр арасында келіспеушілік басталғанда, Дидар қауіптеніп, дәретханаға жасырынғанын жеткізді. Сол жерден ол Ақнәрдің әпкесіне хабарлама жіберіп, кейін жедел жәрдем шақырғанын айтты.

Дидардың айтуынша, ол кеште Ақнәрдің өзі қыздарды пәтерге шақырып, сыра ішуге ұсыныс жасаған. Әлеуметтік желілерде тарап кеткен видео сол түннің тек бір үзігі ғана екенін және ондағы «зорлық-зомбылық» көріністері контекстен тыс екенін мәлімдеді. Оның сөзінше, керісінше, қыздар Ақнәрді сабырға шақыруға тырысқан.

Оқиғаның дамуын баяндаған Дидар, артынша екі қыздың басқа бөлмелерге кеткенін, бірақ біраз уақыттан кейін олар Ақнәрді таба алмай, терезеге жақындағанда оның секіріп кеткенін байқап қалғанын айтты.

Тэгтер:

Қытай суицид Ақнәр Гүлістан терезеден секірген