Спорт залда ән айтқан мектеп оқушысы Димаштың концертінде сахнаға шықты (ВИДЕО)

26 мамыр, 2025 / Өтей Торғайұлы
коллаж: turkystan.kz

Атыраулық жас дзюдошы Бекболат Иса Алматыда өткен Димаш Құдайбергеннің концертінде өнер көрсетті, деп хабарлады turkystan.kz.

Бекболат Иса сахнаға күтпеген жерден шығып, ән орындап, көрермендер мен әлеуметтік желі қолданушыларының ыстық ықыласына бөленді.

Бұл күтпеген әрі жүрек тебірентерлік өнер көрсету Алматыда өткен Димаш Құдайбергеннің концертін айрықша әсерлі етті. Ол сахнада классикалық костюм киіп "Балқадиша" әнін шырқады.

Жас орындаушы көрерменнің жүрегін бірден жаулап алды. Димаш Құдайберген болса, баланың өнерін жымиып қарап, қолдау білдіріп отырды.

Оның қатысуымен түсірілген видео әлеуметтік желілерде тез тарап кетті. Қолданушылар балақайдың батылдығы мен талантына тәнті болып, «Жүректен шырқайды», «Жарайсың, үлкен сахнада сасқалақтамадың», «Бұл — Қазақстанның болашағы» деген сияқты пікірлер қалдыруда.

Айта кетейік, Атыраулық жас спортшы Бекболат Иса сахнаға шықпас бұрын-ақ елге танымал бола бастаған еді. TikTok-та оның жай ғана спортзалдағы дзюдо жаттығуын көрсететін видеосы кенеттен танымал болып, көптеген қолданушылардың қызу талқысына түскен болатын.

Тэгтер:

ән Димаш Құдайберген дзюдо спорт зал