Түркістан халықаралық әуежайында 100-ге жуық оқушы бір мезетте күй тартты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Түркістан телеарнасының мәліметінше, бұл бастама Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 2035 жылға дейінгі «Оқушылардың тұтас дамуы» стратегиясы аясында ұйымдастырылға. Бұл — Түркістан қаласындағы Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары қатысқан дәстүрлі «Домбыра» жобасының жарқын көрінісі.
Әуежайда 100-ге жуық оқушы бір мезетте қазақтың төл туындылары — «Кеңес», «Нәрағашы», «Келіншек», «Тепеңкөк», «Балбырауын», «Ертұран» сынды күйлерді орындап, жолаушыларға рухани әсер сыйлады.