Өзбекстаннан қоныс аударған боксшы Аман Қонысбековке Азия чемпионы атанғаны үшін көлік сыйлады

26 мамыр, 2025 / Дана Ізтілеуова
видеодан скриншот

Қазақстан жастар құрамасының мүшесі, Азия чемпионы Аман Қонысбековке қолдаушылары көлік сыйлады, деп хабарлайды turkystan.kz.

75 келіде жұдырықтасатын Аман үш күн бұрын Шри-Ланкада 22 жасқа дейінгі боксшылар арасында өткен Азия чемпионатында жеңімпаз атанған болатын.

Бүгін боксшы әлеуметтік желідегі жеке парақшасында "Ағалар көлік сыйлап жатыр" деп жазды.

Аман Қонысбеков Өзбекстанның Науаи облысы, Зафарабад ауылында дүниеге келген. Өзбекстан чемпионатында 71 келіге дейін жарысқа араласқан. 2023 жылғы Өзбекстан чемпионатының қола жүлдегері. Былтыр ақпан айында тарихи Отаны – Қазақстанға қоныс аударып, Түркістан облысының атынан сынға түсіп жүр. Елде өткен бірнеше жарыстың жеңімпазы әрі жүлдегері.

Тэгтер:

Азия чемпионы Аман Қонысбеков көлік сыйлау