Павлодар облысында алиментті қасақана төлемеген азаматқа қатысты Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның қарызы 7 миллион теңгеден асқан, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сот үкімімен айыпталушыға 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Прокуратура кәмелетке толмаған балаларды асырауға арналған алименттерді төлемегені үшін Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін еске салады.