Өзін «Антикор басшысымын» деп таныстырған азамат сотталды

26 мамыр, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Атырау облысының тұрғыны өзін «сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағасымын» деп таныстырған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол Жамбыл облысы Жуалы ауданы №4 мектеп директоры Ж.Е.Пернешеваға қоңырау соғып, өзін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағасы ретінде таныстырып, бұрын еңбек тәртібін бұзғаны (жұмыс орнында мас күйінде болғаны) үшін жұмыстан шығарылған қызметкерді қайта жұмысқа алу мәселесінде көмектесуді сұраған.

«8 мамырда күдікті азаматқа қатысты полиция департаменті ҚР ӘҚБтК-нің 73-3-бабының 2-бөлігі бойынша (жала жабу фактісі) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырып, іс Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына жолданды. Сот процесі барысында ол кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді. 14 мамырда сот шешімімен ол ҚР ӘҚБтК-нің 73-3-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды», – делінген Антикор хабарламасында.

Тэгтер:

антикор басшы төраға