Елімізде тегін берілетін дәрі-дәрмектің тізімі жаңартылды

26 мамыр, 2025 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

ДСМ 2025 жылғы 19 мамырдағы бұйрығымен ҚР азаматтарының жекелеген санаттарын жекелеген аурулары бойынша тегін және жеңілдетілген амбулаторлық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесіне өзгерістер енгізілді.

Осылайша, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында науқастарға берілетін дәрілік заттардың тізімдері жаңартылды.

Атап айтқанда, жаңа басылымда келесі ауруларға арналған препараттардың тізімі берілген:

Динамикалық бақылаудағы барлық санаттар үшін:

Опиоидты агонистермен демеуші ем жүргізетін емделушілер үшін – Метадон, пероральді ерітінді.

Артериялық гипертензия 2-4 қауіп дәрежесі

Динамикалық бақылаудағы барлық санаттар:

Негізгі терапия тиімсіз болса – Моксонидин, таблетка.

Бұйрық 2025 жылғы 4 маусымда күшіне енеді.

Бұған дейін Қазақстанда 100 жұмыс күні ішінде дәрілік заттарды тіркеудің пилоттық жобасы бар екенін хабарлаған болатынбыз.

Тэгтер:

дәрі-дәрмек тізім