Астанада жаяу жүргіншілер жолы опырылып, ішіне адам түсіп кетті

26 мамыр, 2025 / Інжу Әлихан
скриншот

Астанадағы Есіл ауданында жаяу жүргіншілер жолағы опырылып, бойжеткен қыз зардап шекті, деп хабарлады turkystan.kz сайты Astanovka 98 парақшасына сілтеме жасап.

Астанада бір қыз шұңқұрға түсіп кетті. Ол "Қобыз сарайы" маңындағы жаяу жүргіншілер жолағымен кетіп бара жатқанда тас төсеуіш опырылып кеткен. Куәгерлер шұңқырдың тереңдігі бір метрге жуық екенін, шұңқыр түбінен су көрінгенін айтады, – делінген жазбада.

Желі қолданушылары жазба астына түрлі пікір білдіріпті.

"Сол жағалау батпақ үстінде тұр", "Өйткені бәрі қалай болса, солай жасалады", "Жер асты сулары, Талдыкөл кек алып жатыр, ол барлық жерден шығып жатыр", "Көлдің бетін топырақпен жапқанмен, ол бәрібір тесіп шығатын жер табады", – деп жазған желі қолданушылары.

Тэгтер:

Астана шұңқыр жаяу жүргінші