«Екі адам қаза тапқан»: Автобекеттегі өртке қатысты үкім шықты

26 мамыр, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Жетісайдағы жанар жағар май автогаз құю бекетінде болған өрт бойынша үкім шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.  

Түркістан облысы Жетісай ауданының соты жанар жағар май автогаз құю бекетінде өрт қауіпсіздік талаптарының ережелерін сақтамаған жағдайға қатысты үкім шығарды.  

Бекеттің оңтүстік шығысында тұрған екі адам өртке күйіп, абайсызда қаза тапқан.  

Сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы абайсызда 2 адамның өліміне алып келген сотталушылардың кінәлі екендерін дәлелдеді.  

29.04.2025ж. сот өрт қауіпсіздік талаптарының ережелерін сақтамай, екі адамның өмірлерін алып кеткен қылмыс жасаған «JOL YRYSY» ЖШС-нің жүргізушісі және оның басқарушы директорына әрқайсысына 5 жылдан бас бостандығынан айыру жазаларын тағайындады.  

Келтірілген моральдық және материалдық шығын ішінара өтелді.

 

Тэгтер:

өрт жанар-жағармай автобекет