Еліміздің басым бөлігінде дауыл тұрады

26 мамыр, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қазгидромет жақын күндерге арналған ауа-райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Синоптиктердің мәліметінше 26-27 мамыр күндері Астанада, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында, әсіресе түнгі уақытта үсік болады.

26 мамырда Шығыс Қазақстан облысында, Өскемен қаласында нөсер, бұршақ жауып, дауыл түрады. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

26 мамырда Абай облысында, Семей қаласында нөсер, бұршақ жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрады, тұман түседі.

26 мамырда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18-23 м/с.

26 мамырда түнде Жетісу облысында, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай ойнайды.

26 мамырда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады.

26 мамырда Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады.

Тэгтер:

Найзағай Жаңбыр Дауыл бұршақ ауа-райы