Астанада Кенесары ханның ескерткіші қайта орнатылды

26 мамыр, 2025 / Інжу Әлихан

Астанада Есіл өзенінің жағалауындағы Кенесары ханның ескерткіші қалпына келтіріліп, бұрынғы орнына қайта орнатылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Instagram парақшасында хабарлады.

«Астанадағы Кенесары ханның ескерткіші жөндеу жұмыстарынан өтіп, қайта орнатылды! Қазір ескерткіш айналасында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде», — делінген хабарламада.

Бұған дейін Кенесары ханның ескерткіші қайта жөнделетіні хабарланған болатын.

Тэгтер:

Астана ескерткіш Хан Кенесары