Шұғыл: Жамбыл облысында жер сілкінді

25 мамыр, 2025 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Жамбыл облысында жер сілкінді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.

Сейсмологиялык зерттеу институтының мәліметінше, жер сілкінісі Жамбыл облысында сағат 15:08-де тіркелді.

"Жер сілкінісінің ошағы Тәжікстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 338 шақырым жерде орналасқан. Құлан ауылында 3 балл, Меркіде 2 балл сезілді", - деп хабарлады ведомство.

Зардап шеккендер мен қираған нысандар жоқ.

Айта кетейік, бүгін Шығыс Қазақстанда да жер сілкінді. Өскеменде 2 балл, Қатон-Қарағайда 3 балл болды.