Талдықорғандағы оқиғаға қатысты сұмдық дерек шықты

Бүгін, 16:10 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Жетісу облысының Талдықорған қаласындағы Paradise Villa қонақүйінде жантүршігерлік қылмыс болды. Өрт шыққан нысан ішінен 1982 жылы туған әйелдің мәйіті табылып, оның 12 жерден пышақ жарақатын алғаны белгілі болды, деп хабарлайды turkystan.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Қылмыс пен өрт қатар тіркелді

24 мамыр күні таңғы сағат 04:00 шамасында Талдықорғандағы Қаблиса жырау көшесінде орналасқан қонақүйде өрт шыққаны туралы хабар түскен. Өрт 20 шаршы метр аумақты шарпыған, ресепшн аумағы жанып кеткен.

Құтқарушылар 35 адамды, оның ішінде 1 баланы эвакуациялады

Өрт 04:29-де толық сөндірілді

Әйелдің өлімі: тергеу не дейді?

Әкімшілік бөлмеден табылған әйелдің денесінде 12 пышақ жарақаты болған. Алдын ала болжам бойынша, қылмыскер ізін жасыру үшін қонақүйде өрт қойған.

Жетісу облысы полиция департаментінің мәліметінше, бұл факті бойынша кісі өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды.

«23 жастағы күдікті оқиға орнынан алысқа ұзамай ұсталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу жалғасып жатыр», – делінген полиция таратқан мәліметте.

Бұған дейін не белгілі еді?

Өрт кезінде қонақүйден 35 адам, соның ішінде 1 бала эвакуацияланды

Өрт ресми түрде қасақана қойылғаны тіркеліп, полицияға жолданды

Қонақүйдегі бейнебақылау камералары тергеуге көмек ретінде зерттеліп жатыр