Бүгінгі валюта бағамы белгілі болды

25 мамыр, 2025 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 509 - 515 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 25 мамырға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 510, 84 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны - 6,39 теңге.

Еуро — 579,7.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 512 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 509 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 579, сату құны — 584.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 515 теңге, сатып алу құны — 509 теңге. Еуро 575 теңгеден сатып алынып, 582 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,30 — 6,45 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 23 мамыр күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,84 теңгеге қымбаттап 510,84 теңге болған.