Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінісі болды

Бүгін, 10:18 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.

ҚР ТЖМ "Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 25 мамырда сағат 07:35-те жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Ресей аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 1162 км жерде орналасқан.

Сезілуі туралы мәліметтер:

Өскеменде - 2 балл

Қатон-Қарағайда - 2 балл

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.