«Кім білген»: Дана Нұржігіт марқұм Диас Ахметшәріптің соңғы эфирін еске алды

24 мамыр, 2025 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Танымал тележүргізуші эфирдегі әріптесін еске алды.

Дана Нұржігіт әріптесімен болған соңғы эфирді еске алды.

«Алдыңнан жарылқасын, Диас! Бұл екеуміздің соңғы тікелей эфиріміз екен. Кім білген…», — деп еске алды журналист.

Айта кетейік, кеше екі аптадан бері комада жатқан спорт журналисі Диас Ахметшәріп дүниеден өткен. Ол «Qazsport» телеарнасының алғашқы директоры, танымал спорт комментаторы ретінде ел есінде қалды.