Бүгін Ақтөбе қаласында жайсыз метеоролгиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды turkystan.kz "Қазгидромет"-ке сілтеме жасап.
2025 жылғы 24 мамырда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Ақтөбе қаласында күтіледі, – деп жазылған хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.