Президент жарлығымен Ерболат Досаев қызметінен босатылды

Бүгін, 09:20 / Нұрлан Әлинұр
Фото: Алматы қ. әкімдігі

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

- Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерболат Асқарбекұлы Досаев Алматы қаласының әкімі лауазымынан босатылды, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Ерболат Досаев бұл қызметке 2022 жылы тағайындалды.

Ерболат Досаев 1970 жылы 21 мамырда Алматы қаласында туған.