Былтырғы 25 желтоқсанда Ақтау маңында апатқа ұшыраған Әзербайжанның Arilines компаниясының Embraer ұшағында болған құрбандарға ерекше белгі орнатылып жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.
Жергілікті пабликтерде апат болған жерде түсірілген кадр тарап кетті. Онда оқиға болған орынның бір бөлігі арнайы қоршаумен қоршалғанын көруге болады. Сондай-ақ оның қасына екі орындық қойылған. Алайда бұл белгі туралы әзірге ресми ақпарат берілмеді. Соған қарамастан халық бұл істі құптайтындарын білдірген.
"Олар да мұсылмандар ғой. Дұрыс істеген", "Әруақ разы болмай, тірі байымайды. Өте дұрыс!", "Үстінен аяқ басып, машина жүрмейтін болады", "Әдемі етіп аяқтау керек", деп жазды желі қолданушылары.
Еске салсақ, апатқа ұшыраған ұшақ бортында 62 жолаушы болған.