Шерзат Полаттың өлімі: Медициналық сарапшы Тахир Халимназаров сот отырысына келді

23 мамыр, 2025 / Алуа Арман
Ғаламтор

Бүгін 16 жасында марқұм болған Шеразат Полатты өліміне қатысты кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Сол сот отырысында жәбірленуші тараптың адвокаты Мейрман Шекеев сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаровты шақыру туралы өтініш берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұған дейін мемлекеттік айыптаушылар сотта бастапқы сот-медициналық сараптаманы жүргізген сарапшыны жауапқа тартқан болатын. Оның сөзінен кейін адвокат Шекеев қосымша сарапшыны тарту туралы өтініш білдірді.

«Біз сондай-ақ қосымша сараптама жүргізген Халимназаровты шақыру туралы өтініш бердік. Оның сотқа келуін қамтамасыз еттік. Мемлекеттік сарапшының қорытындысынан кейін оның да тұжырымдарын тыңдағымыз келеді», – деді адвокат.

Сот қорғау тарабының өтінішін қанағаттандырды.

Тэгтер:

сарапшы Шерзат Полат Тахир Халимназаров