Бишімбаевтың ата-анасы туыстарымен соттасып, жеңіске жетті

23 мамыр, 2025 / Алуа Арман
Ғаламтор

Сот Қуандық Бишімбаевтың ата-анасының туысқандары Қайрат Кемеловке қарсы талап-арызын ішінара қанағаттандырды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сот оның Airan YouTube арнасына берген сұхбатында Бишімбаевтар әулетінің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын мәліметтер таратылғанын мойындады.

«Сот Қуандық Бишімбаевтің ата-анасының Қайрат Кемеловке қарсы арызын ішінара қанағаттандырды. Airan YouTube арнасына берген сұхбатында Кемеловтың айтқан екі сөйлемі Бишімбаевтер әулетінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін деп танылды – енді ол бұл мәлімдемелерді сол платформада теріске шығаруы тиіс», – делінген хабарламада.

Сонымен бірге, моральдық зиян көлемі талап етілген 16 миллион теңгеге қарағанда айтарлықтай аз – әр талапкерге 100 мың теңгеден, барлығы 200 мың теңге мөлшерінде белгіленді. Адвокат қызметі мен мемлекеттік баж салығын ескерсек, Кемелов жалпы алғанда 610 мың теңге төлеуі тиіс.

Еске салсақ, бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың ата-анасының Қайрат Кемеловке қарсы азаматтық ісі барысында куәгер әйел жалған сараптама үшін отбасы BAU мейрамханасын беруге дайын болғанын айтқан еді.

Тэгтер:

Сот Экс-министр Қуандық Бишімбаев Бишімбаевтар