Шымкенттік полицей қамауда отырған әйелді зорлаған

23 мамыр, 2025 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Сарыағаш аудандық соты Шымкенттегі уақытша ұстау изоляторында қамауда отырған әйелді зорлады деген айыппен уақытша ұстау изоляторының жедел уәкілін кінәлі деп таныды.

Соттың мәліметінше, 2024 жылдың қыркүйек айында айыпталушы жәбірленуші отырған камераға кіріп, анасына қоңырау шалуға мүмкіндік беремін деген сылтаумен оны қоймаға алып кеткен. Сол жерде, жәбірленушінің қарсылығына қарамастан, ол әйелді зорлаған.

Анықталғандай, жәбірленуші болған жайт туралы бірден хабарламаған. Алайда қазан айында Шымкенттегі ҚАЖ мекемесінде медициналық тексеру кезінде оның бастапқы жүктілік кезеңінде екені белгілі болған. Осы жайт тексеру жүргізуге себеп болды.

«Тергеу барысында әйел зорлық көргенін мәлімдеді. Диас М.-ге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Диас өз кінәсін мойындамаған, интимдік қарым-қатынас өзара келісіммен болды деп сендірген. Кейін жәбірленуші де бастапқы көрсетпелерінен бас тартып, жүкті екенін және түрмедегі жағдайды білгеннен кейін күйзеліске түсіп, шындыққа жанаспайтын мәлімет бергенін айтқан. Алайда сот бұл мәлімдемелерді сенімсіз деп тапты», – делінген іс материалдарында.

Нәтижесінде, жедел уәкіл орташа қауіпсіздік деңгейіндегі колонияға 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, ол процестік шығындарды өтеуге және жәбірленушілерге көмек қоры үшін шамамен 77 мың теңге төлеуге міндеттелді.

Тэгтер:

Шымкент Полиция Түрме зорлау әйео