Абайдың әніне ұйықтап қалған сәби елді сүйсінтті (ВИДЕО)

23 мамыр, 2025 / Інжу Әлихан
скриншот

Әлеуметтік желіде ақын Абай Құнанбайұлының «Желсіз түнде жарық-ай» әнін тыңдап ұйықтап қалған бүлдіршіннің видеосы жұртты сүйсінтті, деп хабарлады turkystan.kz.

Видеода әкесі Абайдың әнін орындаған соң, жылаған сәби бірден ұйықтап кеткенін көруге болады.

Желі қолданушылары бүлдіршінге жылы лебіздерін білдіріп, тілектерін жеткізді. 

«Абай атасына ұқсасын!», «Абай атамыздың өлеңін кішкентайынан бойына сіңірген жақсы ғой», «Жаным-ау, кішкентай, аман болсын! Үлкен азамат болып өссін, ел басқаратын», «Ұйқы келген, Абайдың әні жетпей тұрған ғой жаным-ау сол», «Не деген тамаша көрініс», «Мен де «көзімнің қарасы» деп ұйқтатып тастаймын», - деп жазды желі қолданушылары.

Тэгтер:

Абай