Жазғы каникулдың басталысымен мыңдаған қазақстандық балаларымен бірге сапарға шығады. Осы орайда «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі кәмелетке толмаған жолаушылардың жол жүру ережелерін еске салды, деп хабарлайды turkystan.kz.
7 жасқа дейінгі балаларға тегін жол жүру
«Ата-аналарға 7 жасқа дейінгі бір баланы жеке орынсыз тегін алып жүруге рұқсат етіледі. Егер балаға жеке орын қажет болса, онда балаға арналған билет сатып алу керек», – делінген хабарламада.
Егер бірнеше 7 жасқа дейінгі бала болса – тек біреуі ғана тегін, қалғандарына балалар тарифімен билеттер рәсімделеді.
7 жастан 15 жасқа дейінгі балалар балалар билетімен жүреді, оның құны ересектер тарифінің 50%-ын құрайды.
15 жастан бастап билет толық құны бойынша алынады. Жасөспірімдер ата-анасының нотариалды куәландырылған рұқсаты болған жағдайда өз бетінше сапарлай алады.
Халықаралық сапарлардағы ережелер өзгеше
Халықаралық бағыттарда келесі ережелер қолданылады:
5 жасқа дейін – тегін, орын берілмейді;
5 жастан 10 жасқа дейін – балалар тарифі бойынша;
10 жастан 15 жасқа дейін – ҚР ішінде: тарифтің 50%, ал ҚР аумағынан тыс жерлерге – ересектер тарифі бойынша.
Пойызға отырғызу кезінде қандай құжаттар қажет?
Отырғызу кезінде баланың туу туралы куәлігі немесе паспорты міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
Егер бала ата-анасымен емес, басқа адаммен сапарға шықса, екі заңды өкілінен де нотариалды куәландырылған рұқсат қажет.