«Кесіп тастаған»: 5 жастағы баланы сүндетке отырғызып, жарымжан еткен хирург сотталды

Бүгін, 10:11 / Алуа Арман
istockphoto.com

Павлодар қаласының Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты медицина қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамау фактісі бойынша хирургке қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

2023 жылдың 23 тамызында хирург дәрігер жас баланы cүндетке отырғызған. Ота жасау кезінде ол абайсызда оның денсаулығына ауыр зиян келтірген. Баланың жыныс мүшесінің басының үштен бірі кесіліп қалған.

Сот дәрігерге пробациялық бақылау белгілеп, мәжбүрлі еңбекке тарту арқылы 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сондай-ақ ол 1 жыл мерзімге хирург ретінде медициналық қызмет көрсету құқығынан айырылды.

 

Тэгтер:

дәрігер 5 жастағы бала хирург сүндетке отырғызу