Шымкент қаласы полиция департаментінде өткен автоматты бөлшектеу және қайта жинау жарысында 9-сынып оқушысы Гүлсезім Есей автомат құрастырудан рекорд орнатты, деп хабарлады turkystan.kz.
Ол АК-74 автоматын небәрі 8 секундта бөлшектеп, 9 секундта қайта жинап шықты.
Гүлсезім бұл жарыста өзінің тәлімгері, арнайы дайындық басқармасының қызметкері, Еділхан Әкімбековтің көрсеткішінен де асып түсті.
Айта кетейік, «Заң және Тәртіп» қағидатын нығайту мақсатында «Жас сақшы» жобасы аясында оқушыларға саптық және тактикалық дайындық бойынша білім беріледі. Бүгінде Гүлсезім — өз қатарластарына үлгі, ал болашақта өзі де тәлімгер атануы әбден мүмкін.