Алматылық оқушы суретке түспек болып, өзенге құлап кетті

Бүгін, 09:18 / Інжу Әлихан

Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Аюсай шатқалында таудағы фотосессия соңы қайғылы оқиғаға ұласа жаздады turkystan.kz.

Алматы құтқару қызметінің мәліметіне сәйкес, оқиға 22 мамыр сағат 15:35-те Бостандық ауданы, Аюсай шатқалы аймағында болған. Оқушылар суретке түсу кезінде Алматы мектептерінің бірінде оқитын 9-сынып оқушысы Проходная өзеніне құлап кеткен.

«18 оқушы мен сынып жетекшісінен тұратын топ өзен жағасында суретке түсіп жатқанда, оқушы қыздардың бірінің аяғы тайып кетіп, суға құлап кетті.

Алматы қалалық Құтқару қызметінің құтқарушылары оны жедел іздестіре бастады. Сағат 15:56-да бөгетке шамамен 500 метр қашықтықта қыз судан шығарылды. Құтқарушылар оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетіп, зардап шегушіні жедел жәрдем бригадасына тапсырды», - делінген құтқару қызметінің хабарламасында.

Тэгтер:

оқушы Алматы өзен