Трамп әкімшілігі Гарвард университетіне шетел студенттерін қабылдауға тыйым салды

Бүгін, 04:00 / Дана Ізтілеуова
Reuters

Дональд Трамп әкімшілігі Гарвард университетіне шетелдік студенттерді қабылдауға тыйым салды, деп хабарлайды turkystan.kz BBC-ге сілтеме жасап.

АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм Гарвард университетінде алмасу бағдарламасы бойынша студенттерді оқыту құқын беретін сертификаттың күшін жою туралы тапсырма берді. АҚШ-та оқығысы келетін шетелдіктер F немесе M санатындағы виза алуы керек. Алмасу бағдарламасы бойынша студенттерді оқытуға құқы бар жоғары оқу орындары ғана визаға қажет құжаттарды бере алады. 

Бұл дегеніміз Гарвард бұдан былай шетелдік студенттерді қабылдай алмайды. Қазір Гарвардта оқып жатқан шетелдіктер басқа университетке ауысуға мәжбүр. Әйтпесе олар елде қалу құқығын айрылуы мүмкін.

Белгілі болғандай, былтыр Гарвардта 7 000-ға жуық шетелдік студент оқыған. Бұл – онда жалпы оқитындардың 27,2 пайызы.

Тэгтер:

Гарвард Трамп Гарвард университеті Трамп әкімшілік Шетелдік студенттер