Головкиннің көшедегі жасөспірімдерді қуантқан сәті жұртты сүйсінтті (ВИДЕО)

Бүгін, 16:53 / Інжу Әлихан
Коллаж: Turkystan.kz

Әлеуметтік желіде белгілі боксшы Геннадий Головкиннің Астанадағы жасөспірімдермен сөйлескен сәтінен видео тарады, деп хабарлады turkystan.kz.

Бейнежазбада көлік ішінде отырған танымал боксшы GGG логотипімен бейсболка киген жасөспірімді байқап, бір топ жасөпірімге тіл қатқанын көруге болады.

«Жігіттер, мына кепканы қайдан алдыңдар?» — деп сұрайды спортшы.

Балалар чемпионды бірден танып, көлікке жақындай түседі. Головкин көліктен шығып, оларды жылы қарсы алады. Кейін балаларды құшақтап, естелік суретке түсті Күтпеген кездесу жасөспірімдерге қуаныш сыйлап, видеосы желіде кеңінен таралып кетті.

Тэгтер:

Головкин Астана Жасөспірім боксшы фото кепка