Шымкенттік кәсіпкер қайтыс болған дәрігердің қолын қойып, тендер ұтып алған

22 мамыр, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

2024 жылы Шымкент қаласының Мемлекеттік сатып алу басқармасы мектептердегі балалардың тамақтануын ұйымдастыру қызметіне жарияланған конкурс нәтижесін жариялайды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жеңімпаз болып 22 балл жинаған жеке кәсіпкер Е танылған. Жеке кәсіпкер Б екінші орынға ие болған. Ол конкурс нәтижесімен келіспей, сотқа жүгінген. Оның айтуынша, жеңімпаздың құжаттарында шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер болған және бұл байқау қорытындысына әсер еткен.

Жоғарғы соттың Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы бұл істі қарап, төменгі инстанциядағы соттардың конкурс нәтижелері туралы хаттаманың заңсыз екені және жойылуға тиіс деген қорытындыларымен келісті.

Жеке кәсіпкер Е жұмыс тәжірибесін растау үшін 2015 жылғы 26 наурыздағы санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыны ұсынған. Алайда сотта бұл қорытындыға қол қойған бас санитар дәрігердің 2014 жылғы 12 қарашада қайтыс болғаны анықталған. Сонымен қатар, уәкілетті органдардың жауаптарына сәйкес, мұндай санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды мүлде берілмеген.

 

 

Тэгтер:

Шымкент дәрігер кәсіпкер тендер