Ақтауда тормен балық аулаған адамға айыппұл салынды

22 мамыр, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Ақтау қаласының азаматы сәуір айында «Рибиера 3600» маркалы резеңке үрлемелі қайығымен Каспий теңізінің жағалауында балық аулауға тыйым салынған құрал – ау торымен балық аулап, балық аулау қағидаларын бұзған, деп хабарлайды turkystan.kz.  

Сот отырысында ол өз кінәсін мойындап, жеңіл жаза қолдануды сұраған.

 Сот қаулысымен ол ӘҚБтК-нің 383-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 78 640  теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Тэгтер:

Балық аулау Ақтау Теңіз Каспий тор ау