Алматыда тоқ соққан екі электрші ауыр халде ауруханаға жеткізілді

22 мамыр, 2025 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Оқиға «Жастар» тұрғын үй кешенінің аумағында болған. Оларды жедел жәрдем алып кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Алмалы ауданының полиция басқармасы тексеру жүргізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады», – деп хабарлады қалалық полиция департаменті.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше зардап шеккен екі азаматта ІІ-ІІІ дәрежелі күйік анықталған.

«Науқастар анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөліміне жатқызылды», – деді ведомство.

Тэгтер:

электрші тоқ соғу