Абай облысында жер қойнауын пайдаланушылардан 100 млн теңге өндірілді

22 мамыр, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Абай облысының Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы бюджетке 100 млн теңгеден астам соманы төлемеген 25 жер қойнауын пайдаланушыларды анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.  

Жер қойнауын пайдалану шарттарына сәйкес, бұл қаражат өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталуы тиіс болған. 

Прокуратураның қадағалау актісі негізінде көрсетілген сома жер қойнауын пайдаланушылармен толық көлемде төленді. 

Жер қойнауын пайдалану саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда және прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.

Тэгтер:

жер қойнауын пайдалану жер телімі