Қазақстан аумағында жұмыс істегісі келмеген «Болашақ» бағдарламасы түлегінің өтініші қабылданбайды – сот

22 мамыр, 2025 / Дана Ізтілеуова
ашық дереккөзден

«Болашақ» бағдарламасының түлегі қызметін Қазақстан аумағынан тыс жерде өтеу туралы Конституциялық Сотқа жүгінген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өтініш берген түлек «Болашақ» бағдарламасының түлектері оқуын аяқтағаннан кейін Қазақстан аумағында қызметін өтеу талаптарымен келіспейді. Дәлел ретінде ол еңбек қызметін қашықтықтан жүзеге асыру форматын көздейтін Еңбек кодексін көрсеткен. Оның пікірінше, қызметін өтеу мақсатында Қазақстан аумағында нақты болу талап етілмейді.

Алайда Конституциялық Сот «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқыту тараптардың өзара келісімі бойынша оқу басталғанға дейін жасалатын азаматтық шарт негізінде жүзеге асырылатынын көрсетті. Мұндай келісім тараптардың, оның ішінде оқудан кейін тікелей Қазақстан Республикасының аумағында қызметін өтеу жөніндегі міндеттемелерді алдын ала ерікті түрде қабылдауын көздейді. Бұл шарт Ережелерде ғана емес, білім туралы заңнан да туындайды. Осылайша, сот Қызметін өтеу жөніндегі ережелер нормасының Конституцияға сәйкестігін тексеру үшін негіздер жоқ деп шешім шығарды.

Тэгтер:

түлек «Болашақ» бағдарламасы еңбек қызметі Қазақстан аумағы Конституциялық Сот