Ташкент тұрғыны 10 айлық баласына фри жегізіп, ішегіне зақым келтірген

22 мамыр, 2025 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Ташкентте 10 айлық бала лаваш пен фри жегеннен соң, ішектерінің бір бөлігін алып тастау үшін шұғыл отаға жатқызылды. Дәрігерлер фастфудтың сәбилер үшін қауіпті екенін ескертті, деп хабарлады turkystan.kz сайты Nuz.uz сайтына сілтеме жасап.

Ташкенттегі ауруханалардың біріне 10 айлық бала жедел ішек қабынуымен жеткізілді. Сәбидің ауыр халіне лаваш пен фри жегені себеп болған.

Баланы Ташкентке алып бара жатқан келіншек жолда фри мен лавашты шайнап берген. Көп ұзамай нәрестенің жағдайы күрт нашарлаған.

Дәрігерлер балаға жедел хирургиялық араласуды қажет ететін қауіпті ауру – ішек гангренасы деген диагноз қойды. Органның зақымдалған бөлігін алып тастағандықтан ол алты ай стомамен яғни жасанды ішекпен жүреді. Алты айдан кейін ішектерді қалпына келтіру үшін тағы бір ота қажет болады.

Дәрігерлер ата-аналарды балалардың ішектері мұндай ауыр тағамды сіңіруге әлі дайын емес екенін айтып, сәбилердің диетасына өте мұқият болуға шақырады.

Тэгтер:

Бала Әйел фаст-фуд Ташкент фри лаваш ішек