Шерзат Полаттың өлімі: Сот отырысында Қаржаубай Нұрымовтың пышағы көрсетілді

22 мамыр, 2025 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Талдықорғанда марқұм Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Бүгін 16 жастағы Шерзаттың әкесі – Қаржаубай Нұрымовтың тергеу кезінде берген жауаптары жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сондай-ақ сотта Қаржаубай Нұрымовтың төбелес болған күні қолданған пышағы көрсетілді. Қаржаубайдың айтуынша ол пышақты сол күні «Қамажай» дүкенінен алып шыққан.

«Басы домалақ. Нан мен май турауға арналған пышақ. Бұл пышақпен мен клегендерді қорқытқым келді. Бірінші болып Нұрбол Тоқтаубаев келді. Оның қолында да пышақ болды, мен де өзімдікін алып шықтым», - деді ол.

Пышақтың жалпы ұзындығы – 29 см, жүзінің ұзындығы – 15 см, сабының ұзындығы – 14 см.

Сотталушылардың бірі ол күні Қаржаубайдың қолында бұл пышақ емес, сабы сары түсті пышақ болғанын айтты.

Тэгтер:

Пышақ Талғар сот отырысы Шерзат Полат Қаржаубай Нұрымов