Мұхтар Шаханов: Ұлы рухтасым өмірден озды

1 сәуір күні Кеңес Одағының және Ресейдің даңқты ақыны, прозашы, сценарист, режиссер  және актер Евгений Евтушенко өмірден озды. 85 жасқа қараған шағында мәңгілік сапарға аттанған қаламгер саналы ғұмырын жазуға арнап, орыс әдебиеті мен мәдениетінде өшпестей із қалдырды. 150-ден астам кітап жазған ақынның шығармалары әлемнің 70-тен астам тіліне аударылып, дүние жүзінің түкпір-түкпіріндегі пікірлес, ниеттес оқырмандарын біріктірді.

Мы перед чувствами немеем,

мы их привыкли умерять,

и жить еще мы не умеем

и не умеем умирать, – деп жырлаған ақынның ең басты ұстанымы – адам деген атқа лайықты өмір сүру еді. Ол туралы әйгілі кеңестік және ресейлік ақын, композитор Булат Окуджава: «Евтушенко, бәрінен бұрын, өте қайырымды жан, мұны ұмытпау керек. Ол өмір үшін арпалыса жүріп, адамдарға көмектесіп, көпшілікке тірек болып қана қоймай, жамандыққа нағыз батырларша қасқая қарсы тұра білді. Евтушенко үшін адами құндылықтар кез келген эстетикалық көркемдіктен жоғары тұратын. Бұл орайда оның өмір бойғы осалдығы да осы еді. Ақындығын мойындамаушылар қатары аз болмаса да, оның өлеңдерінің жаны бар, олармен сыр шертісе аласың. Евтушенконың ұлы ақын екеніне күмән келтіруге болмайды», – деген еді. Расында да, Евгений Евтушенконың 1963 жылы Нобель сыйлығына ұсынылуы оның ерекше ақын екенін дәлелдесе керек.

1991 жылы отбасымен бірге АҚШ-қа қоныс аударған қаламгер Оклахома штатындағы Талса қаласында тұрды, сондағы жергілікті университетте дәріс берген. 31 наурыз күні денсаулығы сыр беріп, ауыр халде ауруханаға жеткізілген Е.Евтушенко 1 сәуір күні бақилық болды. Көзі тірі болса, 18 шілдеде 85 жасқа толатын еді. Мерейтойы қарсаңында Ресей, Беларусь және Қазақстанды аралап, гастрольдік тур жасауды жоспарлаған екен. Ақынның мерейтойлық фестивалінің бас продюсері Сергей Винниковтың айтуынша, Евтушенко өзін Переделкино кентіндегі Борис Пастернактың бейітінің қасына жерлеуді тапсырыпты. Марқұмның жақындары оның өлер алдындағы соңғы өсиетін орындамақ. Ресей жұртшылығы ақынмен 9 сәуір күні қоштасады. Ресейліктер ғана емес, бұрынғы кеңестік республикалардың әр қиырында өмір сүріп жатқан ақынның үзеңгілестері, пікірлестері мен ізбасарлары сол күні Переделкинодан табылары анық. Е.Евтушенконы жерлеу рәсіміне біздің елден Мұхтар Шаханов та шұғыл аттанды. Рухани үндестік достастырған пікірлес досының қазасы қазақ ақынының жанына қатты батыпты. Мәскеуге ұшар алдында Мұхтар ағамызбен тілдесіп, Е.Евтушенко туралы естеліктеріне құлақ түрген едік.

– Евгений Евтушенко – орыс әдебиетінің ғана емес, әлем әдебиетінің ешкім қайталай алмас дара тұлғасы, ұлы ақыны.  Екеумізді алғаш рет Булат Акуджава таныстырып еді. Содан кейін арамыз ажыраған емес. Менің орыс тілінде жарық көрген «Лики времен» атты кітабым Е.Евтушенконың және көрнекті орыс ақындарының аудармасында Евтушенконың алғысөзімен жарық көріп, Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлығын иеленді.

1986 жылы Мәскеуде Е.Евтушенконың жүргізуімен менің үлкен поэзия кешім өтті. Кеш түгелдей 300 миллионға жуық халқы бар бүкіл Кеңестер одағына теледидар арқылы екі дүркін көрсетілді. Кейіннен Евтушенко Алматыға арнайы келіп, республика сарайындағы поэзия кешімді артынша Мәскеуде өткен екінші үлкен шығармашылық кешімді де жүргізіп, маған деген өзгеше ықыласын танытты. 1999 жылы Евгений Евтушенконың «Волчий паспорт» кітабы мен менің «Өркениеттің адасуы» атты өлеңмен жазылған романымның тұсаукесері бірге өтті. Бұл кештер біздің бір-бірімізге деген риясыз көңіліміз бен адал достығымыздың нышаны еді.

– Евтушенконы анаңыз да ерекше жақсы көрген екен…

– Иә, Мәскеуге барған сайын міндетті түрде оған арнап қаттама нан пісіріп жіберетін. Өзім анамның нанын әлі күнге дейін сағынамын. Арасына май жағып, дәмді етіп пісіретін. Жұп-жұмсақ болатын. Евтушенко «Вкусная лепешка! Матушка передала?» деп қуанатын.

Жаратылысы бөлек ақын мені алғашқы кездесуде-ақ таңғалдырған еді. Онымен  танысуым  ойда-жоқта  басталды.  Әдебиетшілер үйінде Михаил Курганцев екі-үш өлеңімнің жолма-жол аудармасын Булат Окуджаваға оқып берді.

– Егер аудармашысы табылса, бұл ақынның бағы жанайын деп тұр екен, – деді Окуджава Курганцевке қарап.

– Өз басым аудармаға шебер емеспін, бәлкім, Евтушенкоға көрсеткен жөн болар?

Курганцев  қолма-қол телефон соғып көріп еді, Евтушенко үйінде болмай шықты. Келесі күні Курганцевтің берген нөмірі бойынша қоңырау шалып ем, трубканы Евтушенконың өзі көтерді. Мән-жайды түсінген соң, ол:

– Менің телефонымды сізге кім берді?  – деп сұрады. Окуджава мен Курганцевті атап ем, Евтушенко:

– Онда жолығуымыз керек екен. Мен сағат 1-де Әдебиетшілер үйінде боламын. Сол жерден табылыңыз!

Ол айтқан уақытында келді. Шетте оқшаулау тұрған қос креслоға жайғастық. Мен ұсынған өлеңдердің жолма-жол аудармасын  ләм-мим деп сөзге келмей, парақтай бастады. Өте жылдам оқиды екен. “Алтын, күміс және қалайы”, “Достық заңы”, “Түсінісу теоремасы” өлеңдерімді қазақша оқып беруімді сұрады. Шығармама қаншалықты жан салатынымды, жырдың ішкі музыкасына, сыртқы ырғағына қалай мән беретінімді білгісі келді ғой деймін. Мен үш өлеңді де жатқа сыдыртып шықтым.

– “12-3=?” поэмаңызды да жатқа білесіз бе?  Бірінші бөлімін оқыңызшы.

Мұны да мәнерлете толғап шығып ем:

– Түсінікті. Парасатты әрі күрделі ақын екендігіңізге күдігім қалмады. Кеттік! – деп мені Әдебиетшілер үйінің бірінші қабатындағы мейрамханаға ертіп кірді. Әдеміше келген, қырықтар шамасындағы дая­шы жігіт Евтушенконы көріп құрақ ұшты. Бұл да оның анасының, әйелінің денсаулығын сұрады. Төргі үстелге отырғызып, қандай тамақ ішкіміз келетінін жазып ала бастады.

– Маған бәрібір. Тек шошқаның еті болмаса болды, – дедім мен.

– Бағзы ата-баба психологиясына беріктігіңізді білдірдіңіз! – деп күлді Евтушенко.

Қилы-қилы әңгіме өрбіттік. Баба-тарих, туған жер, ХХ ғасыр өркениеті және оларға рухани, әдеби тұжырым төңірегіндегі ой-пікірлерімізде ұқсастық бар екені байқалды.

– Мына жігітке ерекше қарыздармын, – деді ол әлгінде ғана қасымыздан кеткен даяшыны нұсқап. – Никита Сергеевич Хрущевтің дәуірлеп тұрғанында, оның сын шоқпарына іліккенімді білетін шығарсыз. Бүкіл Кеңестер Одағы аузына қарап тұрған адамнан қатал әрі әділетсіз сын есту – әлі отызға толмаған ақынға қандай ауыр. Сонда осы мейрамханаға кірдім. Бір қырсығы тиер деп ойлай ма, жұрттың көбі маған жақындауға сескеніп, жорта көрмеген сияқтанып, бұрылып кетеді. Адамдардың ұсақ пендешілігі, қорқақтығы, сатқындығы жынымды келтіріп, тіршіліктен түңілгендей күй кештім. Тіпті “өлсем қайтеді? ” деген ойға тірелдім. Әлгі жігіт бәрінен баз кешкен көңіл-күйімді бірден сезіп, қояр да қоймай үйіне алып кетті. Өзі де, анасы да, әйелі де жырларымды түйдектете жатқа оқып, қазіргі дәуірге мен сияқты ақынның қажет болатынына көзімді жеткізді. Яғни, тіршіліктен баз кешу қасіретінен аман алып қалды!

Ол маған тағы бір оқиғаны әңгімеледі.

– Борис Пастернакқа “Доктор Живаго” атты романы үшін Нобель сыйлығының берілуі өз елімізде үлкен дау тудырғанын білетін шығарсың, – деді ол бірден сенге көшіп. – Хрущевтің өзі ол романды оқымапты да. Бұл туралы кезінде маған Эренбург айтқан. “Мен Сурков пен Поликарповтың  алдауына түсіп қалдым” депті оған Хрущев. Бірақ романға қарсы қозғалып кеткен насихат машинасын тоқтатуға, бейшараның шамасы жетпеді. 1960 жылы мен Пастернактың Переделкинодағы саяжайына бардым. Өзіне тән бағзы сергектігімен қуана қарсы алды. “Жаңа ғана екі жас ақын Ваня мен Юра келіп кетті, – деді ол. – Әдебиет институтында мені “өз отанымнан аластату” туралы хатқа студенттерге қол қойдырып жатса керек. Өзім тәрбиелеп, үміт күтіп жүрген екі жас ақыным ақыл сұрай келіпті. “Қайтсек екен?” – дейді мұңайып. Қол қоймағандарды институттан қуып, комсомолдан шығаратын көрінеді. “Сендер бәрібір маған жәрдем бере алмайсыңдар. Құр  босқа оқудан  шығып  қалғанша қол қоя беріңдер!” – деп екеуіне өзімді сатуға рұқсат бердім. “Жарайды, осы қиын жағдайды өзіңізбен ақылдасып алу үшін келгенбіз”, – деп қоштасып, шығып кетті. Сәлден соң терезеден сыртқа көз салсам, екі жас ақыным менен рұқсат алғанына масайрап, құдды жас балалардай секіріп, қуанып барады екен. Әттең-ай, екеуі де талантты-ақ еді. Енді олардан ешқашан да үлкен ақын шықпайды. Өз шындығын сақтап қалуға құлшынысы кеміген сәттен бастап ақындық құдірет шегініске түседі…” Пастернактың айтқаны айна-қатесіз келді. Ана екеуі әр жыл сайын топырлатып кітап шығара беретін орташа ақындардың қатарын ғана молайтты.

Тамақтанып біткен соң Евтушенко даяшыға:

– Мына жігітті есіңе ұстағайсың. Ақындық, азаматтық бет-бағдарымыздың жақындығын ескерсек, болашақта маған дос болуы да ғажап емес. Кітапшаңа жазып қоя бер. Күннің, түннің қай уақытында келсе де, менің есебімнен тамақтандырып отырасың! – деді.

Даяшы күлімсірей басын изеді. Евтушенко ұсынған мүмкіндікті тіпті бір рет пай­даланбасам да, дархан ақын бойындағы өз басым бұрын ешкімнен кездестірмеген рыцарлық дара мінез санамда мәңгілік жазылып қалды.

Іргетасы  нақ  сол  күні қаланған ара­мыздағы сенім мұнарасы қаншама жыл­дардың дауылы мен жауынына жолықса да, өңін берген жоқ, қайта бұрынғыдан да мазмұнданып, зорая түсті. “Достықта әлсіздік танытқандар басқа күрестерде де осалдық етеді”. Осы идея ортақ түпқазығымызға айналды.

– Хрущев сынынан кейін шығарма­ла­рына қара күйе жағып, жеке басын ғай­баттағандардың ашу-ызасынан ақын қа­лай қорғанды?

– Евтушенко – күрделі, қиын тағдырдың ақыны. Оған Алла Тағала адам баласында өте сирек кездесетін талант берген. ХХ ғасырда, күллі әлемде, сан миллиондаған халықтың махаббаты мен құрмет сезімін және жүздеген қаламдастарының пендешілігі мен қызғанышын қатар оятқан, әр шығармасы мемлекеттік деңгейде бақыланып, зерттеліп отырған, өз дәуірінің сеніміне, ар-намысына айналған Евтушенкоға бірбеткейлігі мен қайсарлығы тең келер ақын таба алмайсыз.

Я был в шестидесяти четырех странах –

больше, чем все поэты России до меня,

Мне аплодировали цивилизованные народы и первобытные племена, –  деп жазды ол жазушылардың шет елдерге шығуын МҚК уысында ұстап тұратын сонау кезеңнің өзінде-ақ. Хрущев сынынан соң Кеңестер Одағында Евтушенкоға ғайбат айтпаған газеттер бірен-саран ғана шығар. “Комсомольская правда” бір аптаның ішінде оның ақындығына, азаматтығына, отаншылдығына күмән келтірген, 120 мың таралыммен арнайы кітап бастырып таратты. Сол кітапта қарапайым шошқашы мен еліміздің тұңғыш ғарышкері Юрий Гагариннің аралығындағы сан түрлі мамандық иелері, партия, комсомол, пионер қайраткерлері ақынға “шетел баспасөзінде кеңестік шындықты бұрмалап көрсеткені үшін” аямай ашу-ызасын төкті. Бұған Евтушенконың әлемдік даңқына қызғанышпен қараған, азаматтығын пендешілігі тұсаған ақын-жазушылар қосылып, құлаш-құлаш сын мақалалар жазды, оны күлкіге айналдырған, мазақтаған әзіл-сықақ, пародияларды елге таратты. Бірақ осындай кезеңнің өзінде-ақ оны қолдаған, қорғаған, билік машинасының еркіне берілмей, өз пікірін өзгертпей қалған тұлғалар аз болған жоқ. Мәселен, К.Чуковский: “Таң қаларлық өлеңдер. Өзі де таң қаларлық. Үлкен тағдырдың үлкен адамы” десе, Д.Шостакович: “13-симфониямды бітірген соң алдыңызға тізерлеп отыруға бармын. Өйткені ар проблемасын музыкада бейнелегенім үшін сізге борыштармын” деп ағынан жарылды.

– Евтушенко екеуіңіз Арыстың жаға­сын­да, ат үстінде түскен суретті кезінде бір­неше газет жарыса басыпты. Тарихи суретті көргенде жадыңызда талай естелік жаң­ғыратын болар…

Мұхтар Шаханов:  Ұлы рухтасым өмірден озды

– Қайсар орыс ақынының қарапайым халық арасындағы беделі зор еді. Бірде Қазақстан Комсомолы Орталық комитетінің қолдауымен мен Евтушенконы туған өлкем – Оңтүстік Қазақстан облысына апаруға басшылардың рұқсатын алдым. Себебі белгілі деңгейде билік басындағыларға оппозицияда жүргендіктен, оның әр адымы назарда болатын. Біздің үйде түнгі төртке дейін әңгімелесіп, кеш жатқандықтан ұшақ­тың қозғалуына жарты-ақ сағат қал­ға­нда ояныппыз. Облыстағы күтіп отырған халықты, алдын-ала жоспарланған кездесулерді ойға алғанда не істерімді білмей есім шықты. Алматы әуежайының бастығына телефон соғып ем, орнынан табылмады. Кезекші диспетчер әйелмен хабарласып, мән-жайды түсіндіріп едім:

– Егер анық Евтушенко болса, техникалық себеп ойлап тауып, ұшақты бір сағат ұстай тұрайын. Ол кісіні бір көру арманым еді. Тек бізге қолтаңба жазып берсе… – деді.

Сондағы қуанғанымды көрсеңіз. Әйел нән ұшақты жүзден астам жолаушыларымен бір сағаттан артық бөгеп тұрды. Міне, шын мәніндегі ақын беделі деп осыны айтса болар.

Сол сапарда кейінірек басыма пәле боп жабысқан тағы бір оқиға орын алды. Бөген аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Р.Нұғманов бізді Темірлан елді мекеніне кіре берістегі Арыс өзенінің  жағасына тігілген “Ауыл” деп аталатын киіз үйлердің қасында күтіп алды. Тамақтанып болған соң сыртқа шықтық. Іргеде сүйекті есектен шамалы ғана үлкен, ертоқымдары да ескі, шопандардың арық екі мәстек аты байлаулы тұр екен. Байқауымша егелері киіз үйлердің бірінде тамақ ішіп отырса керек. Евтушенко:

– Мына аттармен өзен жағасына барып қайтуға бола ма? – деп еді, аудан басшысы:

– Онда сіз мінген ат аудандағы ең құрметті, ең беделді көлікке айналары хақ, – деп әзілдеді де, екеумізді екі мәстекке қондырды. Газет тілшілері сарт та сарт суретке түсіріп жатты.

Біз өзен жағалап, 10-15 минөттен соң қайтып келгенде Рашит Нұғманов:

– Евгений Александрович, осы атты сізге аудан халқы атынан сыйладық! – деді.

– Үлкен рахмет! – Евтушенко атқа мүсіркей көз тастап, әзілдеп үлгерді. – Ендеше, бұл жануармен айлар бойы асықпай жол тарта отырып, “Шымкенттен Мәскеуге дейін” деген кітап жазайын…

Сүт пісірім сәттен соң, әлгі әңгімеге қайта соққан аудан басшысына Евтушенко:

– Маған сыйлаған тұлпарларыңыз аудандағы ең көп балалы жанұяға қызмет етсін! – деді.

– Қалай қашсаңыз да, өзіңіз мінген ат өзіңізді Мәскеуге іздеп барады, – деп жымиды аудан басшысы.

Бұл сөзді әзілге балап, пәлендей мән бермеген екенмін. Евтушенко екеуміздің атқа мініп түскен суретіміз облыстық “Оңтүстік Қазақстан”, “Южный Казахстан” және тағы бір республикалық газетте басылды. Жарты жылдан соң Бөген аудандық газетінің редакторы, республикаға танымал дарынды ақын Нармахан Бегалиев келіп:

– Евгений досыңыздың адресін берсеңіз. Аудан басшысы Мәскеуге барар сапарында баяғы аттың ақшасын өз қолымен апарып тапсырмақ, – деп еді:

– Әуре болмаңдар. Евтушенкоға ақша қат емес. Ол тек бір кітабына жүз аттың құнына жетерлік қаламақы алады. Әрі өзі ретсіз сый-сыяпатты ұнатпайды! – деп қиып тастадым.

Көп жылдан кейін Қазақстан Ком­пар­тиясы Орталық Комитетінің бірінші хат­шысы Д.Қонаевтың атына үстімнен арыз түсіпті. Арызбен мені Орталық Комитеттің сектор меңгерушісі, белгілі тележурналист, ұзақ жылдар бойына қазақ телевидениесі әдебиет бөлімінің бас редакторы болып істеген Сұлтан Оразалинов таныстырды. Хатты өзім туған облыстың Түлкібас ауданынан бір мұғалім жазыпты. Арыздың қысқаша мазмұны мынаған саяды: “Өз өлеңдерін аударту үшін М.Шаханов орыстың атақты ақыны Е.Евтушенконы туған өлкесіне алып келіп, аудан есебінен ат сыйлатып, мемлекет мүлкін талан-таражға салушылардың қатарына кірді. Жақында Алматыға келген қырғыз жазушысы Ш.Айтматовқа да өзі басқарып отырған “Жалын” альманағының есебінен алтынмен апталған, күміспен күптелген үлкен құмыра жасатып, сыйға тартты. Түпкі мақсаты – үлкен жазушыға өз шығармаларын мақтату. Әдебиет саласында жүріп жатқан мұндай алаяқтықтардың тамырына балта шаппай, алысқа бара алмасымыз айқын”.

Арыздағы екінші оқиға да шындыққа жа­насымды. Айтматовтың “Жалын” басы­лымында болып, оқырмандармен  кездесу өткізгені рас. Келесі күні кабинетіме бір жас зергер келіп, бала кезінен Айтматов шығармаларының рухымен тәрбиеленгенін, сондықтан да жазушыны және оның кейіпкерлерін үлкен құмыраға бейнелегенін,  әрі сол еңбегін Шықаңа сыйлағысы келетінін айтты. Шынында да, жас зергердің өз ісіне жанын салғаны көрініп-ақ тұр. Бұл арадағы бар кінәм зергерді Айтматовқа ертіп апарып таныстырғаным. Абырой болғанда, жігіт маған телефон нөмірін қалдырып кетіп еді. Соны Сұлтан Оразалиновқа бере салдым.

– Хат авторын іздетіп көріп едік, Түлкібас ауданында ондай мұғалім болмай шықты, – деді Сұлтекең жанашыр пейілмен. – Байқауымша, шығармашылығыңа қызғанышпен қарайтын пенде – қалам иелерінің бірі шығар… Оның үстіне хат осы Алматыдан жіберіліпті…

Айға созылған тексерістен кейін “мемле­кет мүлкін талан-таражға салмағаным” толық дәлелденді.

Алматыда үлкен табыспен өткен поэзия кешіме тек сегіз-тоғыз ақын-жазушының ғана қатысқанын көрген Евтушенко:

– Екеуміз бұл жағынан да бір-бірімізге өте ұқсас болып шықтық, – деп күлді.

Байыптап қарасам, бүкіл ғұмырымда үстімнен домалақ арыз жазғандар, өсек-аяң таратқандар, түрлі-түрлі дау-дамайға килігуіме себепкер жандардың бәрі негізінен өз қаламдастарым екен. Гомер, Шекспир, Гете, Пушкин, Абай замандарында да солай болған. Пастернак, Аманжолов (Қасым), Евтушенко, Мақатаев дәуірлерінде де жалғасты. Қазіргі кезеңде бұл пенделік мінез тым асқынып барады. Ал қайғыңа бірге мұңданып,  қуанышыңа алақаны қызарғанша қол соққан қарапайым халыққа өкпе жоқ.

– Айтматов-Евтушенко-Шаханов достығы туралы әңгіме болса, елдің есіне бірден Абай атындағы опера театрында болған оқиға түседі. Евтушенконың орнында басқа біреу болса, екі досының қылығына күліп қана қоя салар ма еді?..

– Талай қызық оқиға басымыздан өтті ғой. 2003 жылы мен басшылық ететін қоғамдық негіздегі «ХХІ ғасыр және руханият» халықаралық элита клубының ұйымдастыруымен Абай атындағы опера және балет театрында Евгений Евтушенконың шығармашылық кеші өтетін болды. Екінші жағынан нақ осы жылдың 18 шілдесінде бүкіл әлем мойындаған классик ақын, қадірлі досымыз 70 жасқа толып еді. Рухтасымыздың Мәскеуде өткен тойына қатыса алмағандығымыздан, Опера және балет театрындағы кешті жартылай сол мақсатқа да пайдалану Айтматов екеуміздің алдын ала келісілген жоспарымыз да болатын.

Мұхтар Шаханов:  Ұлы рухтасым өмірден озды

Евтушенко Алматыға таңертеңгі сағат алтыда ұшып келді. Оны қарсы алу қамымен жүріп, түнгі сағат үште жатқандықтан, бір жарым сағат қана көз шырымын алып­пын. Айтматов та сол түні тым кеш жатып, бар-жоғы екі-ақ сағат ұйықтапты. Оның үстіне Бішкектен Алматыға дейінгі жол да өзін едәуір шаршатып тастаса керек. Театрға халық лық толды. Жұрттың құлшынысы ерекше. Көрермендердің біразы түрегеп тұр. Сахнаға Евтушенко, Айтматов үшеуміз бірге шықтық. Кешті мен кіріспе сөз сөйлеп ашып, Айтматов Евтушенко шығармашылығы туралы өрелі пікірмен ары қарай жалғастырды. Одан кейін Евтушенко өлең оқи бастады. Шықаң екеуміз төралқада қатар отырмыз. Жұрттың көтеріңкі рухын көріп, көңіліміз жайланғандықтан ба, түнгі ұйқымыздың шала болғандығы осы арада айқын сезіле бастады. Оның үстіне Евгений Александрович «Любимая, спи» деген ұзақ өлеңін тыңдаған жұртты ұйқыға жетелейтіндей, бәсең сазды дауыспен оқыса бола ма?!

Сөз әуені мен дауыс ырғағына балқыған­дық­тан шығар, екеуміз бірдей маужырап ұйықтап кетіппіз. Шошып оянып, көзімдi ашып жіберсем, Евтушенко өлең оқуын бір сәт доғарып, Шықаң екеумізге жақтырмаған көзбен үңіле қарап тұр екен. Егер біздің кешімізде Евтушенко ұйқыға кетсе, не күйде болар едік. Масқара! Қырғызстан мен Қазақстандағы ең жақын досы және тілектесі бола тұрып, екеуміздің мынадай мінез көрсеткеніміз ешбір шеңберге сыймайтын шығар? Енді қайттік? Шықаңды түртіп кеп жібердім. Ол селк етіп оянды. Кездесу кешін екі телеарна жарыса түсіріп жатқан-ды. Оның үстіне залда отырған алғыр көзді жұрттың жарымынан астамы біздің ұйықтап кеткенімізді аңғарыпты.

Кешкі жиыннан соң Шықаң екеуміз ұйықтап кетуіміздің негізгі себебін және оған «Любимая, спи…» өлеңінің де ерекше септігін тигенін ақынға түсіндіріп айтқанымызда ол қарқылдап күлді.

– Евгений Евтушенкомен соңғы рет қашан хат-хабар алмасып едіңіздер?

– Ол АҚШ-та тұратындықтан, соңғы жылдары жиі хабарласа бермейтінбіз. Оның үстіне біраз жылдан бері денсаулығы сыр беріп жүргенін біліп, көп мазалағым келмеді. Соңғы рет 2014 жылы 18 шілдеде хат алмастық. Сол күні оның туған күні еді. Өзім ауруханада жатқандықтан, баламның көмегімен Евтушенконың электронды поштасына құттықтау жолдап, жақсылығының бәріне тілектес екенімді, оған деген достық көңілім титтей де  өзгермегенін жеткіздім. Көп ұзамай хатыма жауап келді. Әйелі Мария екеуі хатымды жылап отырып оқыпты. Оларды ұмытпағаныма қатты қуанғандарын жазды. Евтушенконың хатын оқып, оның да маған деген көңілі бәз-баяғы қалпында екенін ұқтым.

Бір білерім, бүгінде рухани нысанаға айналып кеткен “Поэт в России больше  чем  поэт”  деген  Евтушенко  сөзі ешқашанда мазмұнды мағынасын жоймасы хақ. Тек өз шығармашылығымен ғана айналысып, қоғам мүддесіне пысқырып қарамайтын жазушылар да құрмет биігінде. Бұл арада тағы бір әділетсіздік бар. Қаншама елге, ұлтқа жаның ашып, оның мүддесі үшін күрессең, соншама азап шегеді екенсің. Тіпті халықтың біраз бөлігі қарсыластарың жағына шығып, саған қарсы шоқпар сілтеседі. Евтушенко тағдыры – мұндай істердің бұлтартпас дәлелі. Қайсар ақынның өзі өлсе де, өлеңі өлмесі шүбәсіз. Марқұмның жаны жәнатта болғай!

– Алды пейіш, арты кеніш болсын!

 

Сұхбаттасқан

Анар ЛЕПЕСОВА

Редакция таңдауы

Жаңатастағы өрттің себептері анықталды

Алдын ала мәліметтер бойынша, Жаңатастағы тұрғын үйдегі (пәтердегі) өрт оқиғасы тез тұтанғыш материалдың бетіне ашық от көзінің түсуі салдарынан туындаған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің...

Жаңатастағы өрт: зардап шеккен отбасыға жан-жақты көмек көрсетіледі

Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласындағы 2 ықшамаудандағы 5 қабатты тұрғын үйдің 3-ші қабатында өрт болып, 16 шаршы метр аумақты шарпыды (киімдер мен жиһаз...

Сөз құдіреті

Қайдан оқығаным есімде жоқ, бірақ мына бір ойлы әңгіме көп жылдан бері жадымда сақталып қалып­ты. Аласапыран, қантөгіс, қырғын  соғыс жүріп жатқан кезде неміс фашизмінің...

«Тілді бұзып емлеге ыңғайлау емес, емлені тілге ыңғайлау керек»

Филология ғылымдарының кандидаты, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Анар Фазыл­жа­нова латын таңбасына негізделген жаңа қазақ әліпбиі жайындағы бірер сайтқа сұхбат берген екен. Рас,...
aytys

«Менің пірім- Сүйінбай» халықаралық жас ақындар айтысы

Абай атындағы ҚҰПУ-інде Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Менің пірім-Сүйінбай»...
whatsapp image 2021 02 22 at 12.19.27

Бертран Расселдің «Батыс философиясының тарихы» қазақ тілінде «сөйледі»

Мемлекетіміздің қазақстандық жастардың жоғары ғылыми стандарттарға сәйкес сапалы білім алуын қамтамасыз ету...
«18 килогерц»

Отандық «18 килогерц» фильмі прокатқа шықты

Режиссер Фархат Шарипов түсірген «18 килогерц» фильмі 18-ші ақпаннан бастап Қазақстан бойынша...

Жаңалықтар

Алматыда 16 мыңнан астам студентке арналған бірнеше жатақхана салынады

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров жоғары оқу орындары басшылығымен жатақхана құрылысы мәселесі жөнінде кеңес өткізді. Жиында «Елбасының бес әлеуметтік бастамасы» аясында жатақхана құрылысының барысы...

Атырауда Қайтпай сұлтан мешітінің іргетасы қаланды

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов пен Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау қаласының іргесіндегі Еркінқала ауылында атақты Қайтпай сұлтан мешітінің іргетасын қалады,- деп хабарлайды...

«Менің пірім- Сүйінбай» халықаралық жас ақындар айтысы

Абай атындағы ҚҰПУ-інде Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Менің пірім-Сүйінбай» халықаралық жас ақындар айтысының ақтық кезеңі 19 ақпанда өтті. Ақтық кезеңге 12...

Жаңаөзендегі балабақша 22 миллиард теңгеге азық-түлік сатып алмақ болған

Мемлекеттік сатып алулар сайтында ерекше лот  -  Жаңаөзендегі балабақша 22 миллиард теңгеге азық-түлік сатып алмақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Балабақша 22,3 миллиард теңгеден астам...

БЖЗҚ еліміздегі ең жоғары зейнетақы қанша теңге екенін айтты

Еліміздегі ең жоғары зейнетақы 522 610 теңгеге жетті, деп хабарлайды БЖЗҚ баспасөз қызметі. Қордың мәліметінше, 2021 жылғы 1 ақпандағы көрсеткіш бойынша БЖЗҚ 167 423 алушыға...

Ертісбаев Путиннің беделін көтеретін факторды атады (видео)

«Спутник V» вакцинасы бүкіл әлемде мойындалса, бұл жетістік Ресей үшін алғашқы Жер серігі ғарышқа жіберілген сәттегі КСРО-ның даңқымен пара-пар болуы мүмкін. Мұндай пікірді Yertysbayev...

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі аппаратына жаңа басшы тағайындалды

ҚР мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Ернат Архатұлы Мұхамадиев ҚР МСМ аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды. Ернат Мұхамадиев...

Елорданың ірі мәдени ошақтары пандемия салдарынан қанша шығынға батқаны белгілі болды

«Astana Venue Management» ЖШС-ның бас директоры Мәлік Хасенов елордадағы мәдени нысандардың 2020 жылғы шығыстарына қатысты нақты деректермен бөлісті. «Егер әр нысанға қатысты нақты айтар болсақ,...

Қарызын қайтармаған досына оқ атқан павлодарлық 8 жылын түрмеде өткізеді

Сот үкімі Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жарияланды деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. Іс алқабилердің қатысуымен қаралды. Сот 28 жастағы павлодарлықты қылмысқа дайындалғаны және кісі...

Ертісбаев Ұлттық кеңес туралы заңға екіұдай пікір білдірді (видео)

 Белгілі саясаткер Ермұхамет Ертісбаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі туралы заң қабылдау жайлы ұсынысқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол өзінің Yertysbayev Live  атты Youtube-арнасында...

«Абай» мәдени-іскерлік үйінің атқарар міндеті мол

Бүгінде жер-жаһанның 43 елінде тұратын этникалық қазақтардың қарасы 7 миллионға жетіп жығылады, алайда, ақпарат көздерінен белгілі болғандай, шекараның арғы шебіндегі отандастар саны 5 миллион...

Әлемді мойындатқан актерге адам зорлады деген айып тағылды

Есімі әлемге белгілі француз актері Жерар Депардьеге адам зорлау және сексуалдық зомбылық бойынша айып тағылды. Бұл туралы Риа Новости France-Presse (AFP) агенттігіне сілтеме жасап...

Қазақстандықтар министрлерге қандай мәселемен келеді?

Nur Otan-ның Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтардың министрлермен және мемлекеттік органдардың басшыларымен онлайн-кездесулері жалғасуда. Қазақстандықтардың министрлерге қандай мәселелермен келетіні туралы партия Орталық аппаратының баспасөз...

1 наурыздан бастап Қазақстанда карантин жеңілдейді

Биылғы жылдың 1 наурызынан бастап Қазақстанда карантин талаптары жеңілдейді. Жағымды жаңалықты Facebook парақшасы арқылы Атамекен ҰКП төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева хабарлады. «Сүйінші жаңалық! Ведомствоаралық комиссияның...

БҚО-да 24 елді мекен жарықсыз қалды

Батыс Қазақстан облысында 24 елді мекен электр жарығынсыз қалды. БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, сегіз ауданда барлығы 3112 абонент жарықсыз қалды. Атап...

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Серік Рахметоллаұлы Егізбаев ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің...

Жол апатына кінәлі әйел полициядан қашамын деп мерт болды

Ресейдің Благовещенск қаласында жол-көлік оқиғасын жасап, із суытпақ болған әйел жол апатына түсіп мерт болды. Тағы екі адам жарақат алған, деп хабарлайды РИА Новости....

Экология министрлігі «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қатаң талаптар қойды

Экология министрлігі "АрселорМиттал Теміртауға" Теміртауда 500 мың ағаш отырғызуды міндеттеді. Бұл туралы ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ұйымдастырған брифинг барысында хабарланды. Министрліктің...

Алматыда қандай кәсіп иелері тапшы екені белгілі болды

Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығының директоры Диляра Иманқұлова онлайн брифинг барысында мегаполисте қандай мамандық иелері тапшы екенін айтты. Оның айтуынша, денсаулық сақтау саласында мамандар тапшылығы...

«Қытаймен бәсекені күшейтеміз»: АҚШ пен Канада күш біріктірді

АҚШ пен Канада Қытайға қарсы тұру үшін күш біріктірді.  Бұл туралы АҚШ президенті Джо Байден Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдомен өткізген бейнеконференциядан кейін мәлімдеді, деп...

Алматы мәйітханасының директоры ірі көлемде пара алған деп айыпталды

Алматы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Қалалық паталогоанатомиялық бюросының директоры Б.Әлібековке қатысты тергеу ісін аяқтады. Ол 2020 жылы мемлекеттік сатып алу бойынша қол қойылған...

Шымкентте тойханаларды мектепке айналдыру ұсынылды

Шымкенттегі банкет залдары иелеріне жергілікті билік мектеп немесе кафе ретінде жұмыс істеуді ұсынды. Коронавирус пандемиясына байланысты көптеген ойын-сауық кешендері бір жылға жуық жұмыс істемейді. "Атамекен"...

Қазақстан нарығына екі жаңа автокөлік бренді шығарылмақ

Astana Group холдинг компаниясының негізін қалаушы және президенті Нұрлан Смағұлов екі жаңа автомобиль бренді биыл ел нарығына шығарылатынын мәлімдеді. Олар - Haval және Genesis...

Зейнет жасы: Әлеуметтік кодекс тұжырымдамасы әзірленуде

Премьер-Министр Асқар Маминнің мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында елімізде Әлеуметтік кодекс тұжырымдамасының жобасы әзірленіп жатқаны туралы айтылды. Қазіргі уақытта зейнетақымен қамсыздандырудың барлық үш деңгейі (ынтымақты, базалық...

Мәжілісте қатесіз жазуға қатысты құжат мақұлданды

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Бұл...

Төменгі жалақы мөлшерін арттыру мақсатында Жол картасы әзірленеді – Үкімет басшысы

Премьер-Министр Асқар Маминнің мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында елімізде жалақының төменгі мөлшерін арттыру мақсатында арнайы Жол картасы әзірленетіні айтылды. «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың...

6,6 млрд теңге: Орал әуежайының ғимараты жаңартылмақ

БҚО құрылыс басқармасының басшысы Әлібек Антазиевтің айтуынша, «ҚПО б.в.» компаниясы арқылы әлеуметтік инвестициялар жобасы аясында құрылыс-монтаж жұмысы басталды. Жоба бойынша терминал алаңы 4 мыңнан 10...

ШҚО-да жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, соңғы күндері өңірде күн жылып, жиі қар жауып тұр. Жел жылдамдығы да артқан. Таулы аймақтарда көшкін жүру ықтималдығы жоғарылады....

210 мыңға жуықтады: коронавирус жұқтырғандар саны азаймай тұр

Қазақстанда өткен тәулікте 753 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 68, Алматы қаласы - 93, Шымкент қаласы...

Мас күйінде көлік тізгіндеген азаматтың бас бостандығы шектелді

Өскемен қаласында алкагольді ішімдік ішіп  алып көлік тізгіндеген ер адам жазаға тартылды. ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің мәліметіне сүйенсек, былтыр көктемде ер адам әкімшілік жауапкершілікке...

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Телерадиокешенінің жаңа аппараттық-студия кешенін аралады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президенті Телерадиокешенінің жаңа аппараттық-студия кешенін аралап көрді, – деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында. «Биыл Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешеніне...

Елімізде боран соғып, қар жауады – Қазгидромет

Сәрсенбі күні елімізде жел күшейіп, боран соғады, солтүстікте қалың қар жауып, оңтүстік өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін, – деп хабарлады Қазгидромет. 24 ақпанда Қазақстан...

Oppo компаниясы ауа арқылы сымсыз қуаттау технологиясын ұсынды (видео)

OPPO компаниясы көпшілікті Oppo X 2021 құрылғыларын сымсыз қуаттаудың жаңа жүйесімен таныстырды, - деп хабарлайды EVO-RUS.COM. https://youtu.be/xALQxs1bJM0 Wireless Air Charging технологиясын Қытайлықтар MWC 2021 Shanghai көрмесінде...

Google қазақ тіліндегі аудиожазбаларды аудара бастады

Google Translate сервисі енді қазақ тіліндегі аудиожазбаларды аудара бастады, деп хабарлайды АА "NewTimes.kz". Бұл жаңарту 22 ақпанда пайда болды – 6.17.0. Айта кету керек, аудиоаударма тек...

АҚШ-та салынғанына 139 жыл болған үй алып тіркемемен жаңа орынға көшірілді (видео)

Калифорния штатындағы Сан-Франциско қаласының тұрғыны Тим Браун 139 жыл бұрын іргетасы қаланған өз үйін жаңа мекен-жайға көшірді. https://www.youtube.com/watch?v=u8l6eBUK-rM 1882 жылы салынған үй үлкен тіркемеге салынып, жүк...

«Алтын Орда» тарихына арналған киножобаға дайындық басталды

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы Алтын Орда тарихына арналған ірі киножобаның тұжырымдамасын әзірлеуге кірісті. Осы мақсатта кино орталығының жанынан жұмыс тобы құрылған, ол ел...

Қандасымыз Риза Әлімжанқызы – Қытай киноиндустриясының жұлдызы

Қытайдың kazakcnr.com сайтында талантымен танылған қандасымыз, белгілі актриса Риза Әлімжанқызы туралы мақала жарық көрді. Аталған мақаладағы деректерге сүйенсек, Қытайда өнерімен көрермен көзайымына айналған Риза...

Елбасы Ақан Сатаевты қабылдады

Елбасы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының президенті Ақан Сатаевты қабылдады, – деп хабарлайды elbasy.kz. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік алғаннан бері мемлекет әрдайым өнер саласының...

«Nur Otan» партиясының жол картасы: «Баспанамен қамту – басты назарда»

«Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына арналған Жол карталарын бекітті. «Nur Otan» партиясы сайлаудан кейінгі бір ай уақыт ішінде өзінің 216 сайлауалды бағдарламасын...

Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерін қабылдады

Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері Рахым Ошақбаевпен және Қанат Сахарияновпен кездесті, – деп жазды Ақорда. «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев Президентке...

Мемлекет басшысы Каспий теңізіндегі қызметке қатысты заңға қол қойды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Каспий теңізінде қызметті жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының...

Қарағанды фармацевтика кешені «Спутник V» вакцинасының өнеркәсіптік партиясын шығарды

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов пен ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қарағанды фармацевтика кешені (ҚФК) базасында «Гам-КОВИД-Гак» («Спутник–V») вакцинасының өнеркәсіптік өндірісі барысын және вакцинаның...

Білім саласының бір орында тоқтап қалған кезі жоқ

Аягүл МИРАЗОВА, Қазақстан педагогика ғылымдары академиясының академигі, Қазақстанның Еңбек Ері: – Тәуелсіздік алған жылдары жалпы халықтың жағдайы жақсы болды, мына саланың дамуына ерекше жағдай жасалды...

Президенттің құжаттарды цифрландыру процесіне қатысты тапсырмасы орындалды – Берік Уәли

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында мемлекеттік органдар тарапынан берілетін құжаттарды цифрландыру процесі қалай жүргізіліп жатқаны туралы жазды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр...

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 13 трлн теңгеден асты

2021 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан салымшыларының зейнетақы жинағының сомасы 13,1 триллион теңге болды. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шотында 13,1 триллион теңге зейнетақы...

Коронавирусқа қарсы екпе салдырған 73 жастағы хирург вакцинаның әсері туралы айтты

Атырауда 73 жастағы хирург Марат Есжанов коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Оның айтуынша, вакцинаның жанама әсері жоқ. «1 ақпанда әріптестеріммен бірге коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші кезеңін алдым....

Елімізде жекеменшік университетте білім алушылардың саны көбейді

Білім және ғылым министрлігі 2016-2020 жылдар аралығында жеке меншік университетте білім алушылардың саны 53,8% өскенін мәлімдеді.  «Қазіргі уақытта елімізде жалпы 127 жоғары оқу орны бар,...

Су тасқанына қарсы 45 пойыз жасақталып жатыр – министр

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов елімізде су тасқанына қарсы 45 пойыз жасақталып жатқанын айтты. «Поездардың үздіксіз және қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету, жолдарды,...

«Nur Otan» партиясы сайлауалды міндеттемені іске асырудың қадамдық жоспарын бекітті

«Nur Otan» партиясы Орталық және Шығыс Қазақстанға арналған сайлауалды міндеттемелерді іске асырудың қадамдық жоспарын бекітті. Партия 216 сайлауалды бағдарламаны іске асыру бойынша әр жылға нақты...

Асқар Мамин әкімдерге тапсырма берді

Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин өңір әкімдері су қоймалары толуына үнемі бақылау жасап отыруы тиіс екенін айтты. «Су тасқынының алдын алу үшін жүйелі шаралар қабылдау...

«Шектеулер қажет емес»: ДДСҰ пандемиямен күрес қашан аяқталатынын хабарлады

Данияның DR телеарнасына берген сұхбатында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймақтық бюросының басшысы Ханс Клюге коронавирус пандемиясы 2022 жылы аяқталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды aa.com.tr.  Ұйым...

COVID-19: Бес өңір «сары» аймақта тұр

23 ақпандағы жағдай бойынша, Қазақстан өңірлеріндегі коронавирусқа қатысты эпидахуалды бағалау матрицасы жарияланды. Оған сәйкес, «сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстары...

Алматы әкімі АТУ студенттеріне арналған 9 қабатты жатақхана құрылысын тоқтатты

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тұрғындардың шағымынан кейін тоғыз қабатты жатақхананың құрылысын тоқтату туралы шешім қабылдады. Әуезов ауданындағы «Алтын бесік» ықшамауданының тұрғындары 17 ақпанда өткен Алматы...

АҚШ туы төмен түсірілді: Америкалықтар 5 күн аза тұтады

АҚШ-та коронавирустан көз жұмғандарды еске алу мақсатында 5 күн аза тұту жарияланды. Елдің федералды және әскери нысандарында мемлекеттік ту төмен түсірілетін болады, деп хабарлайды...

Адамдар көп жиналатын орындарда бірден екі маска тағу міндеттелді

Чехия билігінің жарлығына сәйкес, республика тұрғындары 25 ақпаннан бастап адамдар көп жиналатын жерлерде бірден екі маска киюге міндеттелді. Бұл туралы Ceske noviny хабарлады.  Елдің денсаулық...

Жаңа қаулы: ШҚО-да 4 санитарлық бекет қойылады

Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері міндетін атқарушы Хамит Илюбаевтың 2021 жылғы 19 ақпандағы №4 қаулысына өзгерістер енгізу туралы 2021 жылғы 22 ақпандағы...

Зейнетақы жинағы: Қанша отбасы баспана алғаны белгілі болды

Зейнетақы жинағын алған 28 мың қазақстандық қарыздарын өтеп, пәтер сатып алған. Бұл туралы Отбасы банкі хабарлады. Достар, enpf-otbasy.kz онлайн  платформасы іске қосылғалы бері 28 мыңнан астам қазақстандық ипотека...

Путин мен Лукашенко табиғат аясында демалып, шаңғы тепті

Ресей президенті Владимир Путин мен Беларусь басшысы Александр Лукашенко Красная Полянадағы келіссөздерден кейін табиғат аясында демалып, шаңғы тепті. Президенттердің демалу сәтінен түсірілген суреттер Кремльдің...

СҚО-да әйелінің көңілдесін өлтірген ер адам 9 жылға сотталды

Солтүстік Қазақстан облысындағы ЕС-164/3 мекемесінде жазасын өтеп жатқан ер адам әйелінің көңілдесін өлтіргеніне өкінеді. Қызғанышқа салынып, адам қанын мойнына жүктеген оған 9 жылға жаза...

Жамбыл облысында 200-ге жуық ата-ана жауапкершілікке тартылды

Жамбылдық полицейлер жасөспірімдер арасында профилактикалық рейдтер өткізді. Бір апта ішінде ювеналды полиция қызметкерлері 74 рейд жүргіздіп, оның барысында ішкі істер органдарына 131 кәмелетке толмаған жасөспірім...

Бертран Расселдің «Батыс философиясының тарихы» қазақ тілінде «сөйледі»

Мемлекетіміздің қазақстандық жастардың жоғары ғылыми стандарттарға сәйкес сапалы білім алуын қамтамасыз ету және бұл мәселеде тың көзқарастар қалыптастыру, осы істе халықаралық тәжірибеге сүйену мақсатына...

Отандық «18 килогерц» фильмі прокатқа шықты

Режиссер Фархат Шарипов түсірген «18 килогерц» фильмі 18-ші ақпаннан бастап Қазақстан бойынша прокатқа шықты. «18 килогерц» - бұл 90-шы жылдардың соңындағы жасөспрімдердің өмірінен сыр шертетін...

Жаңатастағы өрт салдарынан жапа шеккен отбасыға пәтер берілді

Жаңатастағы өрт салдарынан қайтыс болған балалардың ата-анасына демеушілер есебінен Жаңатас қаласынан 3 бөлмелі пәтер берілді, ал Сарысу ауданының кәсіпкерлері баспанаға қажетті жиһаз бен техника...

ҰҚК Шекара қызметі браконьерлік жүкті қолға түсірді

2021 жылдың 20 ақпанында Батыс қазақстан облысы бойынша ҰҚК Шекара қызметі департаментінің әскери қызметшілері БҚО бойынша Экономикалық қылмыстарды тергеу департаменті және облыстық ПД Криминалды...

425 мың сәби дүниеге келді: Өткен жылы туу көрсеткіші жөнінен алға шыққан өңірлер аталды

2020 жылдың қаңтар-желтоқсанында республикада 425,6 мың сәби дүниеге келді, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 22,6 мың адамға көп, деп хабарлайды Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің...

Қытай елінің кино жұлдызына айналған қазақ қызы

Қытайдың kazakcnr.com сайтында Қытай елде миллиондаған бәсекелесінің оза шығып, талантымен талайды таңдай қақтырып жүрген қандасымыз, белгілі актриса Риза Әлімжанқызы туралы мақала жарық көрді. Аталған мақаладағы...

Мәулен Әшімбаев: Біз бойымызды да, ойымызды да Абай сөздеріне қарап түзейміз

ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Елордадағы Музыкалық жас көрермен театрының «Абай-Тоғжан» қойылымына жоғары баға берді. «Былтыр елімізде Абайдың 175 жылдығы кеңінен аталып өтті. Соның...

Пошта қызметкері клиентпен орысша сөйлескені үшін жұмыстан қуылды

Украинада  "Укрпочтаның" Кривой Рогтағы пошта бөлімшесі меңгерушісінің орынбасары клиентпен орыс тілінде сөйлескені және эпидемияға қарсы шараларды сақтаудан бас тартқаны үшін жұмыстан босатылды. Бұл туралы...

Оқушы қыздар педофилді өз беттерінше жазалап, түрмеге түсірді

АҚШ-тың Пенсильвания штатында екі оқушы 22 жастағы педофилге қарсы айғақ жинап, оны бопсалады, деп хабарлайды The Morning Call.  Жергілікті тұрғын Кайл Кустер балабақша автотұрағында 14...

Ақтауда тұрғын үй кешенінің көлік тұрағында той ұйымдастырғандар анықталды (видео)

Ақтауда әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде жергілікті пабликтердің бірінде жарияланған тұрғын үй кешенінің көлік тұрағында өткізілген тойдың бейнежазбасы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 2021...

Алматы әкімдігі трамвай депосының орнына не салынатынын айтты

Алматыда бұрынғы трамвай депосының орнында құрылыс жұмыстары жанданды. Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, бұл жерде креативті жастарға арналған қоғамдық парк ашылады. Тұжырымдамаға сәйкес, бұл нысанда арт шеберлік кластары,...

Нұр-Сұлтанда карантин қашан жеңілдетіледі – Бас санитар жауап берді

Елордада карантиндік шектеулер жеңілдеуі мүмкін. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова айтты. Оның сөзінше, астана 30 қаңтарда "сары" аймаққа шықты, бірақ 8-10...

Коронавирус: Елордада 21 мектеп карантинге жабылды

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова елорданың білім беру ұйымдарындағы коронавирус статистикасына тоқталды. «2021 жылдың 22 ақпанындағы жағдай бойынша жаңа оқу жылы басталғаннан...

Желідегі хабарландыру арқылы ШҚО тұрғынының 1 млн теңгесін үптеп кеткен алаяқ ұсталды

Қызылорда тұрғыны әлеуметтік желі арқылы Шығыс Қазақстан облысының тұрғынын алдап соқты,  деп хабарлайды Polisia.kz. 20 ақпан күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасына Шығыс Қазақстан облысының...

Жаңатастағы апат: Қара жамылған отбасыға «Birgemiz» қорынан 2 млн теңге бөлінеді

«Birgemiz» қорының қамқоршылық кеңесі Жамбыл облысының Сарысу ауданы Жаңатас қаласында өрттен зардап шеккен Әбдімәліковтер отбасына 2 млн теңге бөлу туралы шешім қабылдады. «Қор атынан қаза...

Тегін WI-FI қаншалықты сенімді?

Қоғамдық орындарда тегін WI-FI көрсек, қуанышымыз қойнымызға сыймайды. Жұмысымызды тез бітіру үшін, тегін желіге қосылуға асыққанымыз соншалық жеке деректеріді қолды болып жатқанына бейғам қараймыз....

«Ішкиіміне 17 түйіншек жасырған»: Қостанай облысына есірткі саудалап келген ерлі-зайыпты ұсталды

Жітіқара ауданының полицейлері есірткі саудасымен айналысып келген күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Полиция бөліміне түскен жедел ақпараттан кейін қызметкерлер іздестіру іс-шараларын...

Мексикада әскери ұшақ құлады (видео)

21 ақпан, жексенбіде Мексикада елдің әуе күштерінің реактивті жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ бортында болған алты адам қайтыс болды, деп хабарлайды El Universal. Learjet маркалы...

Көшелерге күйеуі мен туыстарының атын берген шенеунік жұмысынан айрылды

Мысырда көшелерге күйеуі мен туысқандарының атын берген шенеунік қызметінен айрылды, деп хабарлайды РИА Новости. Елдің солтүстігіндегі Кальюбия провинциясының губернаторы қаланы абаттандыру департаментінің директоры Кафр-Шукрды бірнеше...

Белгілі дизайнерді өлімі: Айыпталушы 11 жылға сотталды

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Bisen» атымен танымал дизайнер Сәбит Сыраханның өліміне кінәлі адамға қатысты үкім шығарды. «Сот үкімімен С. Дүйсенғалиев 11...

Ғалым қатерлі ісіктен қорғайтын өнімдерді атады

Бірқатар өнімдерде канцерогендер – қатерлі ісіктердің пайда болу жиілігін арттыруға қабілетті заттар бар. Олар тағамға қоршаған ортадан түседі немесе тамақты өңдеу кезінде пайда болады....

«Қазақстанның 100 жаңа есімі-2021» жобасына өтінімдерді қабылдау басталды

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының төртінші кезеңінің басталғанын хабарлады. Өтінімдерді қабылдау 2021 жылғы 22 ақпаннан 15 наурызға...

Nur Otan Қазақстанның батыс өңірін дамытудың Жол карталарын дайындады

Nur Otan партиясы 2025 жылға дейінгі өзінің 216 сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырудың егжей-тегжейімен азаматтарды таныстыруды жалғастыруда. Еліміздің батыс өңірлерінде жыл сайын қандай істер атқарылады...

Байқоңырда мәйіті табылған баланың неден көз жұмғаны белгілі болды

Бір күн бұрын Байқоңырда жоғалып, артынан мәйіті табылған баланың неден қайтыс болғаны анықталды. Бала суға тұншығып қалған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ресей Федерациясы тергеу комитетінің хабарлауынша,...

Қар, боран: Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын болжады

Қазгидромет 23-25 ақпанға аралған ауа райы болжамын жариялады. «Қазақстанның солтүстік жартысына Исландияның суық ауа массаларын сіңірген белсенді циклон қарлы боран әкеледі. Оның артында келе жатқан...

20 мыңға жуық қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды

Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов айтты. «Қазіргі күні ҚР-ның 20 мыңға жуық азаматы COVID-19-ға қарсы вакцинаның алғашқы дозасын...

Денсаулық сақтау вице-министрлеріне «Спутник V» вакцинасының 2-дозасы егілді

Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов және аталмыш ведомствоның тағы бір вице-министрі Ажар Ғиният «Спутник V» вакцинасының екінші дозасын салдырды. Денсаулық...

Коронавирус: 295 науқастың жағдай ауыр – ДСМ

Елімізде коронавирус инфекциясынан барлығы 21 285 адам емделуде. «22 ақпандағы мәлімет бойынша, 21 285 адам короновирус инфекциясынан (13 679 – КВИ+ және 7 606 –...

Биткойн бағасы тағы қымбаттады

Coindesk порталының мәліметінше, биткойн бағасы сауда сессиясы кезінде 1,97%-ға, 58,1 мың долларға қымбаттады. Осылайша криптовалюта бағасы тарихи максимумды жаңартып отыр. Биыл 9 ақпанда биткойнның бағасы...

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 208 мыңнан асты

Қазақстанда өткен тәулікте 699 адамның коронавирус жұқтырғаны расталды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 72 Алматы қаласы - 101 Шымкент қаласы -...

Полицияға жалған хабар бергені үшін айыппұл төлейді

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 18 ақпан сағат 22:50 шамасында 41 жастағы азамат заңды некедегі әйелін ұрып жатқанын айтып, полицияға хабарлама берген. «Осыған байланысты учаскелік...

22 ақпанға арналған ауа райы болжамы – Қазгидромет

Дүйсенбі, 22 ақпан күні фaронтальды құрылымдардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, – деп хабарлады Қазгидромет. Кей жерде қар жауады, еліміздің...

Байқоңырда із-түссіз жоғалған жеті жасар екі бала бір тәуліктен бері іздестіріліп жатыр

Ресейлік және қазақстандық құқық қорғау органдары Байқоңыр қаласында 20 ақпан күні жоғалған жеті жасар екі баланы іздеп жатыр. 20 ақпанда таңертең сағат он жарымдар шамасында...

«Канело, vamos!». Қанат Ислам «Канелоны» жекпе-жекке шақырды

Майами (АҚШ, Флорида штаты) қаласында өткен бокс кешінде эквадорлық Джейсон Минданы жетінші раундта техникалық нокаутпен жеңген қазақстандық былғары қолғап шебері Қанат Ислам мексикалық Сауль...

Қанат Ислам техникалық нокаутпен жеңді (видео)

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) Майами (АҚШ, Флорида штаты) қаласында өткен бокс кешінде жеңіске жетті. Қанат бастапқыда ганалық Ободай Саймен (35-3-1, 26 КО)...

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Испанияда пошта маркасы шығарылды

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Испанияда пошта маркасы шығарылды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында хабарланады. «Жоба Қазақстан Елшілігінің бастамасымен еліміздің тарихындағы елеулі...

Президент Жаңатастағы қаза болған бес баланың ата-анасына көңіл айтты

Президент Жаңатас қаласындағы қайғылы оқиғадан қаза болған балалардың ата-анасына көңіл айтты. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Facebook-тегі парақшасында жазды. "Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңатас қаласындағы...

Димаштың есімі Марсқа жетті

"Атағы айға жетті" дегені осы болар! 18 ақпанда Perseverance атты жаңа ровер Марс бетіне қонды. Ғылыми жабдықтармен қатар, ол Қызыл планетаға миллиондаған адамның есімдерін...

Димаш Ниязов Майамидегі бокс кешінде жеңіске жетті

Қазақстан тумасы, Нью-Йорк полициясының қызметкері Димаш Ниязов  (13-1-3, 6 КО) Майами (АҚШ, Флорида штаты) қаласында өткен бокс кешінде жеңіске жетті.   Соңғы рет 2018 жылы...

Сапарбаев: Бұл жерде құрылыс сапасына қатысты мәселе бар

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараздағы жойқын желден бүлінген тұрғын үйлер мен нысандарды аралап шықты, деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі. Жамбыл даңғылындағы №123...